Posts

Showing posts from August, 2014

Ең сүйікті ұзақ әңгіме.

Image
Сіздер мектеп кезінде әдебиет сабағын мен сияқты жақсы көрдіңіздер ме? Қазақ және орыс әдебиеті пәндері ең сүйікті пәндерім болатын (ағылшын тілі пәнінен кейін). Әр жазушы, ақындармен танысқан күптігей сәттер есімде әлі де бар. Кішкентай кезімнен кітаптардың құндылығын ерекше сезіп, бағалайтынмын. Барша әлемді бітік (кітап) арқылы танып, оқыса болатындығы менің мектеп кітапханасына жиі баруыма себеп болды. Бөліскім келетін бірінші туынды: Сайын Мұратбековтың"Жусан иісі" атты повесті (ұзақ әңгімесі).
Жусан иісі — алғаш оқығаннан кейін бірден жадымда тоқылып қалған; жүрегімді жаралап, сосын жаулап алған повесть. Бұл әңгіме мұңды оқиғаларға толы, - әр оқырманның жүрегіне барып, көзге жас әкелетіні сөзсіз. Ауылда балалар ойнап жүріп, Аянды кездестіреді. Аян әжесімен бірге бұл ауылға жаңадан көшіп келген еді. Алғыр, ақылды, ертегілер айтуды жақсы көретін Аян басқа балаларға ұқсамайтын болады. Жалғыз әжесімен қалған жас кейіпкерді қиын тағдыр күтеді. Айтып өту қажет деп есептеймін:…