Ең сүйікті ұзақ әңгіме.

Сіздер мектеп кезінде әдебиет сабағын мен сияқты жақсы көрдіңіздер ме? Қазақ және орыс әдебиеті пәндері ең сүйікті пәндерім болатын (ағылшын тілі пәнінен кейін). Әр жазушы, ақындармен танысқан күптігей сәттер есімде әлі де бар. Кішкентай кезімнен кітаптардың құндылығын ерекше сезіп, бағалайтынмын. Барша әлемді бітік (кітап) арқылы танып, оқыса болатындығы менің мектеп кітапханасына жиі баруыма себеп болды.
Бөліскім келетін бірінші туынды: Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты повесті (ұзақ әңгімесі).

Жусан иісі — алғаш оқығаннан кейін бірден жадымда тоқылып қалған; жүрегімді жаралап, сосын жаулап алған повесть. Бұл әңгіме мұңды оқиғаларға толы, - әр оқырманның жүрегіне барып, көзге жас әкелетіні сөзсіз.
Ауылда балалар ойнап жүріп, Аянды кездестіреді. Аян әжесімен бірге бұл ауылға жаңадан көшіп келген еді. Алғыр, ақылды, ертегілер айтуды жақсы көретін Аян басқа балаларға ұқсамайтын болады. Жалғыз әжесімен қалған жас кейіпкерді қиын тағдыр күтеді. Айтып өту қажет деп есептеймін: бұл оқуға ауыр әңгіме. Жетімнің тағдыры қашан оңай болып еді?.. 

Кішкентай Аян әңгімеде қанша қиындық көрсе де, өзін тек батыл, мықты адам ретінде көрсете біледі, әлсіздік танытқан емес.
Ал сіздер осы аянышты әңгімені оқып отырып, мықты бола аласыздар ма?..


PS. Әңгімені мына сайтта оқысаңыздар болады: http://ras.kz/?p=2891

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.