Posts

Showing posts from September, 2014

Бекболат Асанов. Өлеңдер.

Image
Қыздарға хат.
Қаталдықтың қапсырып мұз-жалынан, Өктемдіктің ықпаған ызғарынан. Жаралғандай батылдық әлемдегі Қара көзді қазақтың қыздарынан. Оталмастан өссін деп ертеңгі орман, Желтоқсанға желбіреп желкен болған. Айналайын, айналдым қара көздер, Аман-есен жүріңдер селтең қолдан. Қызды қойып, ер жігіт нені ішпеді. Сұрқай заман бәрін де тегістеді. Теңдік үшін бір кезде Ленинмен, Рысқұлдың Тұрары келіспеді. Келіспеді, тарланым, аласұрды, Ажал ашты арасын таласудың, Он жетінші жылдары көктен түскен, Халық болдық содан соң бала сынды. Ленинді өстік біз атамыз деп, Саясында сайрандап жатамыз деп. Қарсы келген дұшпанды қақ жүректен, Оң-солына қарамай атамыз деп. Қаталдықтың торына түстік сөйтіп, Туа сала мылтық пен бақан іздеп. Бақыт бар деп көз салдық болашақта, Ақылдыны мінгізіп ағаш атқа. Көлеңкеге мәз болдық көрінбеді ол, Көсемдерді алтынға орасақ та. Бәрі құрысын, қыздар-ау, бәрі құрысын, Басынғанды тұзың мен дәмің ұрсын. Тәуелсіз ел болдық деп тоқ тартқанмен, Жетім бұрыш жағалап әлі жү…