Posts

Showing posts from October, 2014

Көруге тұрарлық күй тартыс. Арман Жүдебаев.

Image
Домбырадан шыққан қоңыр күйден сіздер мен сияқты әсер аласыздар ма? Әрине, аласыздар. Қазақ болып өзін сезінетін әр кісі домбыраның үнін сүйетіндей. Ғаламторда күй тартыстың түрлі керемет орындаулары бар. Дегенмен, бүгін менің сіздермен бір видеолармен бөліскім келіп отыр. Екі жас қазақ: Арман Жүдебаев пен Айтолқын Тоқтаған барлық күйді шеберлікпен орындайды. Бұл кісілердің күй тартысын мен қайта-қайта көре берем. Арманның күйлерді беріліп орындауы, Айтолқынның байсалдылығы, сондай әдемі күлімсіреуі мені бұл видеоларды қайталап көргізе береді.
Мінсіз орындау. Керемет күйлер. 


PS. Екінші бөлімді жүктей алмай қойдым. Мына жерде тамашаласаңыздар болады: сілтеме.

PS2. Арман Жүдебаев қазіргі таңда өте танымалы күй орындаушысы. Бір кездері ғаламторды жарған күй тартыс Арманның қатысуымен болған.


Бұл кісінің дарындылығы сөзсіз, бірақ күйшінің ең тартымды жағы— ол күй орындау стилі. Басқалардан өзгеше, артисті орындау. 

Тағы бір керемет орындау:сілтеме.