Posts

Showing posts from October, 2016

Жұмыста.

Бүгін жұмысқа бір әйел кіріп келгенде, мен оны қазақ екен деп қалып, "сәлеметсіз бе" дедім. Сөйтсем, орыс екен. Мен оны әйелдің "здравствуйте" деген жауабынан түсіндім.
Сол кезде ойланып қалдым... Жасы үлкен әйел. Қазақстанда туылғанынан тұрады. Әрине, ол қазақ тілінде ең болмаса сәлем деген сөзді жақсы біледі. Ал онда неге ол әйел менімен қазақша амандаса салмады?  Сәлемін қазақша айтып, кейінгісін орысша түсіндірсе болар еді ғой. Неге қазақша амандасуға ол соншалықты қарсы болды? Ең өкініштісі, бұл әйелдің көзқарасын ұстанатын кісілер біздің елде тым көп.

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Image
Шыны керек, мен бұл кітапты оқуымнан гөрі, оны оқимын деп жоспарлап жүруім ұзағырақ болып кетті. Оның себебі; дәл кітапты оқып жүргенімде басқа үйге көшіп жүріп, кітабымды жоғалтып алыппын. Ақырында бір құрбым бұл кітапты маған сый ретінде берді. Кітаптың кейіпі және басты кейіпкері бір жыл бұрын оқыған "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабына ұқсайды, менің ойымша. Дегенмен, "Махаббат, қызық мол жылдар" - бірталай қызығырақ, тереңірек роман болып шықты, Екі кітаптың кейіпкерлері де - көп сөйлей бермейтін, ұяң жігіттер. Екеуі де көп ойланып, көп толғанады. Екеуінің де ойлары аса терең емес еді. Бірақ, Ербол өзінің ұялшақтығымен тартымды болса, Жантас (Ғашықтардың басты кейіпкері) ондай емес. Қандай оқиға болмасын, Жантас үндемейді. Иә, Жантас көп ойланады, көп уайымдайды. Тіпті оның көптеген грек және тағы басқа мүсіншілер және философтардың дәйекісөздерін жатқа білуі бар. Ал басқасына келгенде, Жантас қайдағы жоқты ойлап жүре беретін кісі екен. Оның мысалдары, тиған…

Алтын қалам.

Image
Сірә, қазақтардың осал тұстарының бірі - өздеріміз шығарған, өздеріміз тапқан затты, идеяны егле дұрыстап көрсете алмау. Мысалы, мына кітаптың сыртына қараңыздаршы. Қазаққа ұқсамайтындығын қояйық, бірақ ашуланып, агрессивті түрде тісін көрсетіп тұрған кісінің суретіне қарап, сіздер кітап не туралы деп ойлар едіңіздер? Мен, мысалы, журналистерге берілмей жүрген еркіндік, не болмаса саясатты қозғайтын кітап деп ойлап қалдым. Дегенмен, бұл кітаптың ойы өте қарапайым, әрі жақсы болып шықты, ол - жас жазушыларды оқырмандармен таныстыру. Негізі, 2010 жылы "Алтын қалам" атты әдеби жүйе өткен екен. Міне, сол жүйеде жеңіп шыққан ақын-жазушылардың еңбектерін бір кітап етіп шығаруды жүйе ұйымдастырушылары жөн көріпті. Кітаптың тысындағы суретті санамағанда, редакторлар сапалы қағаз үстіне, әр ақын және жазушылардың шығармасын ғана емес, олардың суреттерін және қысқа өмірбаяндарын басып шығарыпты.  Жалпы айтқанда, кітаптың идеясына ғашықпын. Менімше, қалам ұстаған жас адамдарға көмек к…