Жұмыста.

Бүгін жұмысқа бір әйел кіріп келгенде, мен оны қазақ екен деп қалып, "сәлеметсіз бе" дедім. Сөйтсем, орыс екен. Мен оны әйелдің "здравствуйте" деген жауабынан түсіндім.

Сол кезде ойланып қалдым... Жасы үлкен әйел. Қазақстанда туылғанынан тұрады. Әрине, ол қазақ тілінде ең болмаса сәлем деген сөзді жақсы біледі. Ал онда неге ол әйел менімен қазақша амандаса салмады? 
Сәлемін қазақша айтып, кейінгісін орысша түсіндірсе болар еді ғой. Неге қазақша амандасуға ол соншалықты қарсы болды?
Ең өкініштісі, бұл әйелдің көзқарасын ұстанатын кісілер біздің елде тым көп.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.