Алтын қалам.

Сірә, қазақтардың осал тұстарының бірі - өздеріміз шығарған, өздеріміз тапқан затты, идеяны егле дұрыстап көрсете алмау. Мысалы, мына кітаптың сыртына қараңыздаршы.
Қазаққа ұқсамайтындығын қояйық, бірақ ашуланып, агрессивті түрде тісін көрсетіп тұрған кісінің суретіне қарап, сіздер кітап не туралы деп ойлар едіңіздер? Мен, мысалы, журналистерге берілмей жүрген еркіндік, не болмаса саясатты қозғайтын кітап деп ойлап қалдым. Дегенмен, бұл кітаптың ойы өте қарапайым, әрі жақсы болып шықты, ол - жас жазушыларды оқырмандармен таныстыру. Негізі, 2010 жылы "Алтын қалам" атты әдеби жүйе өткен екен. Міне, сол жүйеде жеңіп шыққан ақын-жазушылардың еңбектерін бір кітап етіп шығаруды жүйе ұйымдастырушылары жөн көріпті. Кітаптың тысындағы суретті санамағанда, редакторлар сапалы қағаз үстіне, әр ақын және жазушылардың шығармасын ғана емес, олардың суреттерін және қысқа өмірбаяндарын басып шығарыпты. 
Жалпы айтқанда, кітаптың идеясына ғашықпын. Менімше, қалам ұстаған жас адамдарға көмек көрсету әсіресе қазір маңызды. Кітапқа кірген шығармаларға тоқталатын болсақ, Алтын қалам жүйесінің жүлдегері Ақберген Елгезектің өнері ерекше есімде қалды. Бұл шығармалар жинағын мен жарты жыл бұрын оқығандықтан, көбісі жадымда сақталмады. Ақбергеннің "Сені сүю" атты өлеңі өлеңдер арасында, ал "Болмаған балалық шақ" повесті әңгімелер арасында ең көркем, ең терең, ең сапалы болып көзге түсті. "Болмаған балалық шақ" - бұл шын өмірден алынған, жазушының басынан өткен оқиғалар жайындағы әңгіме. Ақберген кішкентай кезінде көрген қиыншылықтарын оқырманның жүрегін елжірететіндей қылып жаза алған. Және де "Болмаған балалық шақ" "Жусан иісі" повестіне мұңымен, кейіпімен келеді.
Өкінішке орай, кітаптағы басқа жазушыларды осылай мақтай алмаймын, бірақ, кітаптың мазмұнына риза болдым. Тек кітап тысы мазмұнына сай келмегені өкінішті.

6/10.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.