Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Шыны керек, мен бұл кітапты оқуымнан гөрі, оны оқимын деп жоспарлап жүруім ұзағырақ болып кетті. Оның себебі; дәл кітапты оқып жүргенімде басқа үйге көшіп жүріп, кітабымды жоғалтып алыппын. Ақырында бір құрбым бұл кітапты маған сый ретінде берді.
Кітаптың кейіпі және басты кейіпкері бір жыл бұрын оқыған "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабына ұқсайды, менің ойымша. Дегенмен, "Махаббат, қызық мол жылдар" - бірталай қызығырақ, тереңірек роман болып шықты, Екі кітаптың кейіпкерлері де - көп сөйлей бермейтін, ұяң жігіттер. Екеуі де көп ойланып, көп толғанады. Екеуінің де ойлары аса терең емес еді. Бірақ, Ербол өзінің ұялшақтығымен тартымды болса, Жантас (Ғашықтардың басты кейіпкері) ондай емес. Қандай оқиға болмасын, Жантас үндемейді. Иә, Жантас көп ойланады, көп уайымдайды. Тіпті оның көптеген грек және тағы басқа мүсіншілер және философтардың дәйекісөздерін жатқа білуі бар. Ал басқасына келгенде, Жантас қайдағы жоқты ойлап жүре беретін кісі екен. Оның мысалдары, тиған ойлары маған өте терең емес, тым қарапайым болып көрінді. Жалпы, Жантас - қазақ әдебиетінде көп кездесетін ұяң, қарапайым, ауылдың баласының бірі. Ішінде оты жоқ деп осы қарапайым кейіпкерлерді айтса болады. Кейде бұндай қарапайым кейіпкерлер тартымды болса, кейде оларды оқып отырып, ішің пысып кетеді емес пе. 
Бұл менің Ілияс ағаны сынағаным емес, дегенмен, роман менің көңілімнен шықпағанын жасыра алмаймын. Хикаяттың желісінде де қызықты ешнәрсе болған жоқ. Болса да, Жантастың таяз ойлары бәрін құртып отырды. 
Әрине, романның жақсы тұстары да болды. Мысалы, кейіпкерлердің бәрі кіші пейіл, пәк жандар. Коммунизмді тым мақтап жіберген тұстары болса да, кітап еңбек ету, шын сүюді жастарға насихаттайды.

Ілияс Есенберлиннің ең маңызды, ең атақты туындылары "Көшпенділер" мен "Алтын Орданы" тезірек оқысам екен.

Ал "Ғашықтар" романына мен 7 деген баға берем. Онның ішінде.

Popular posts from this blog

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.