Posts

Showing posts from November, 2016

Түсіну.

Жақында интернетте бір қазақ кісінің Кеңес одағын, жалпы Ресейді жермен жексен еткен жазбаларын оқыдым. Сол кезде менде ең бірінші реакция қандай болды, білесіздер ме? Іштен қарсы болдым. Бұған себеп - мен Ресей тұрғындарын, немесе кеңес үкіметінің атамұрасын аса бағаланым емес, бұған себеп - мен орыстарды түсінуімде. Түсінуім орыс тілін жетік білуімде ғана емес. Мәселен, мен (және тағы басқа миллиондаған қазақтар) Қазақстандықтан гөрі, Ресейлік фильмдерді көбірек көрдім. Көбірек орыс жазушыларын оқыдым, ал кішкентай кезімде орыс бағдармаларын көріп өстім. Бала кезімнен ата-аналарым "Гауһар қол", "Иван Васильевичтің кәсібін өзгертуі", "Құтты мырзалар" (Джентльмены удачи) деген сияқты фильмдерді ылғи жаңа жыл және басқа мейрамдарда көріп, аса бір жылылықпен айтып отыратын. Сөйтіп, мен де ол фильмдерге жылылықпен қарайтын болдым.  Қалай мен орыстарды түсінбеймін, мен олардың кітаптарын оқып, кітаптағы жаманды жек көріп, жақсысына болысқан болсам? Ал Достое…