Түсіну.

Жақында интернетте бір қазақ кісінің Кеңес одағын, жалпы Ресейді жермен жексен еткен жазбаларын оқыдым. Сол кезде менде ең бірінші реакция қандай болды, білесіздер ме? Іштен қарсы болдым.
Бұған себеп - мен Ресей тұрғындарын, немесе кеңес үкіметінің атамұрасын аса бағаланым емес, бұған себеп - мен орыстарды түсінуімде. Түсінуім орыс тілін жетік білуімде ғана емес. Мәселен, мен (және тағы басқа миллиондаған қазақтар) Қазақстандықтан гөрі, Ресейлік фильмдерді көбірек көрдім. Көбірек орыс жазушыларын оқыдым, ал кішкентай кезімде орыс бағдармаларын көріп өстім. Бала кезімнен ата-аналарым "Гауһар қол", "Иван Васильевичтің кәсібін өзгертуі", "Құтты мырзалар" (Джентльмены удачи) деген сияқты фильмдерді ылғи жаңа жыл және басқа мейрамдарда көріп, аса бір жылылықпен айтып отыратын. Сөйтіп, мен де ол фильмдерге жылылықпен қарайтын болдым. 
Қалай мен орыстарды түсінбеймін, мен олардың кітаптарын оқып, кітаптағы жаманды жек көріп, жақсысына болысқан болсам? Ал Достоевский атаның "Қылмыс және жаза" кітабын оқып отырып сұқтанғаннан кейін, орыс көркем әдебиетін қалай мақтамаймын? Қалай мен кеңес одағы үшін орыстарға ашуланамын, егер орыстардың өзі сол кезде қиналғандарын естіп, оқып, көрген болсам? 
Иә, қазақтар орыстардың тарихында аянышта оқиғаларға орыстармен бірге жылап, күлкілісіне бірге күлген. Орыстар болса, біз туралы ештеме білмейді. Бұл жағдай кез-келген империя астында болған елдерге таныс, және бұл эмоциялық байланыстылық - тереңнен кеткен мәселе. 

Бұл жәйт маған ұнайды ма, жоқ па - алайда, мен бұл аңғаруды жанымнан алып тастай алмаймын,

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.