Posts

Showing posts from January, 2017

Жаңа жылға жоспарлар.

Image
Бірінші қаңтар күні көптеген керемет кітаптар сатып алдым. Екі мың он жетінші жылы қазақша бұрынғыдан көбірек оқимын деген уәдем үшін, көбінесе қазақша кітаптар таңдадым.
1. Раймжан Мәрсеков "Қазақ қайда бара жатыр?",
2. Жамбыл Жабаев "Жапанға біткен бәйтерек",
3. Қадыр Мырзалиев "Таңдамалы шығармалар",
4. Сүйінбай Аронұлы "Алмас қылыш" (кіп-кішкентай кітап),
5. Ләйлә Сұлтанқызы "Менің екінші кітабым",
6. Мамырбекова "Қазақ тілі. Тереңдетілген деңгейге арналған оқулық",
7. Мурзабаева, Рахимбекова "СемьЯ" (орысша).

Және бұрыннан сатып алған Сәкен Сейфулиннің кітабын да осы жылы оқығым келеді.

Бұл кітаптың бәрін жарты жыл ішінде оқып бітіремін деп үміттенем.
Жалпы, жас қазақ жазушыларды қолдап, олардың шығармаларын сатып алып, оқып жүретін болдым. Осы блогта кітаптардан алған әсеріммен бөлісіп отыратын боламын.