Posts

Showing posts from March, 2017

Ләйлә Сұлтанқызы. Менің екінші кітабым.

Image
Екі мың он жетінші жылы ең бірінші оқыған кітабым - Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" атты туындысы болды.  Ләйлә Сұлтанқызының "Әйел бақыты" атты бағдарламасын, тіпті Ләйләнің тележүргізуші екенін білмедім. Кітаптың сыртына қарап, "жас қыз заманауи кітапты қазақша шығарыпты, қолдау керек" деген оймен сатып алдым. Сөйтсем, Ләйлә деген - бұрын (өте бұрын!) "Superstar KZ" атты әншілер конкурсында қазылар алқасы арасында қазақша сөйлеп қоймаған әйел екен! Ләйлә ханым қалай ғана қартаймаған деп таң қалып едім, кітаптың сыртындағы сурет тележүргізушінің өзгергеннен кейінгі суреті екен (жазушының өзгерістері туралы кітапта айтылады). Айтып кету керек, бұл - Ләйлә Сұлтанқызының әдебиет саласындағы бірінші туындысы. Дегенмен, автор жеке күнделігін бірінші кітабы санап, мына кітапқа сол себептен "екінші кітап" деп ат қойыпты. Шымкенттің қызы болғандықтан, кітаптың тұсаукесері де туған қаласында орын алды.  Кітаптың мазмұнына …