Posts

Showing posts from April, 2017

Керемет кино. Ақан Сатаев.

Image
Назарларыңызға әйгілі қазақтың режиссері Ақан Сатаевтың ең үздік киноларының тізімін ұсынамын. Рейтинг сіздердің көңілдеріңізден шығады деп үміттенемен :)
Ең жақсы фильм постың соңында, сондықтан, аяғына дейін оқыңыздар.

6. Адасқан, 2009 жыл. Басты рөлде ресейлік актер Андрей Мерзликин. Желі бойынша, басты кейіпкер жол үстінде әйелі мен баласын жоғалтып алады. Отбасын іздеп жүріп кейіпкер жапа-жалғыз тұрған үйде тұратын шал және оның қызына кезігеді. Өте қызықсыз баяндап кеттім, дегенмен, осы үш кейіпкер арасында ерекше әңгімелер мен оқиғалар болады. Желі қызықты, сеніңіз :) Жалпы, кино өте сапалы. Студент кезімде бұл фильмнен біршама әсер алғанмын. Киноны соңғы орынға қойған себебім - кино орыстың туындысы ретінде қабылданады. Dixi. 8/10. 5. Жаужүрек Мың Бала, 2012 жыл. Тарихи оқиғаны (18 ғасыр) баяндайтын фильм. Басты рөлдерде өте сүйкімді Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Әлия Ануарбек, Құралай Анарбекова - өте жақсы құрам. 2012 жылы бұл фильм маған ерекше болып көрінетін: қазақтар…

Кітап көбірек оқудың амалдары.

Image
Тек қана өзіңіз қалаған кітаптарды алып оқыңыз. Мейлі, сізге Донцованың кітаптары қызықты болсын, тіпті Сұрдың елу реңін оқығыңыз келсе де, қалағаныңызды ғана оқыңыз.  Оқып жүрген кітабыңызды әрқашан өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Сізде бос уақыт болып қалып жатса, немесе кітап оқығыңыз келіп кетсе – өте ыңғайлы.Әдебиет әлемін зерттеуді әдет қылыңыз. Интернет атақты жазушылар мен олардың кітаптары туралы мәліметке, сонымен қатар мыңдаған қызықты тізімдерге толы. Әр қазақ оқуы тиісті 50 кітап, жиырма жеті жасқа дейін оқу керек 27 кітап, ақылды болу үшін оқу керек кітаптар тізімі, тағысын тағы. Бұл тізімдерді қарай отырып, кітап оқуға ынтаңыз да көбейеді. Бір жанрда тоқтап қалмаңыз. Мүмкін, сіз заманауи роман оқып, ол сізге ұнамай қалды. Дегенмен, сол үшін кітап оқымай кетпеңіз. Басқа жанрды оқып көріңіз, сосын тағы басқа. Әйтеуір біреуі ұнар.Оңайдан бастаңыз. Бірінші кітабыңыз екі томдық роман болса, әрине сіз шаршап кетесіз, «кітап оқу – менікі емес» деп шешесіз. Көлемі кішірек, жанры …

Бекболат Асанов: Қыран қонған Алатаудың ұлымын.

Image

Бақытжан Бұқарбай: Күміс кітап.

Image
Қазірден бастап немереңізге сыйлауға лайық кітаптарды жинай беріңіз.
"Күміс кітап" - бұл жылына жүзге жуық кітап оқитын Бақытжан Бұқарбайдың кітап, жастар, еліміздің болашағы туралы пайымдаған шығармаларының жиынтығы.  Менің бүгінгі девизім - әр, ӘР ақылды қазақ, айтары бар қазақ - кітап жазу керек.   Ал сіздер жылына жүз кітап оқитын көп қазақ білесіз бе? Жүзді қойшы, ең көп дегенде отыз кітап оқитын маған елдер аң-таң болып жатады. Әрине, осы бір факт үшін менің авторға көңілім бірдден ауды.  Бақытжан Бұқарбай - саясаттанушы, блогер, суретші және қазақ тілінің жанашыры, сегіз қырлы, бір сырлы еліміздің азаматы. "Күміс кітапты" Бақытжан он алты күнде жазып бітіріпті. Бұл кітапта жазушы кішкентайынан кітап оқуға құмарлығы жайында және оған ықпал еткен кісілер/оқиғалар жайында баяндайды. Шығарма қазақ жастарынана байланысты автордың мұңына толы, дегенмен, Бақытжанның еліне деген сүйіспеншілігі бірден сезіледі.  Өз басым автордың көп ізденіп тапқан кітаптарын оқығанд…