Кітап көбірек оқудың амалдары.

  • Тек қана өзіңіз қалаған кітаптарды алып оқыңыз. Мейлі, сізге Донцованың кітаптары қызықты болсын, тіпті Сұрдың елу реңін оқығыңыз келсе де, қалағаныңызды ғана оқыңыз.  
  • Оқып жүрген кітабыңызды әрқашан өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Сізде бос уақыт болып қалып жатса, немесе кітап оқығыңыз келіп кетсе – өте ыңғайлы.
  • Әдебиет әлемін зерттеуді әдет қылыңыз. Интернет атақты жазушылар мен олардың кітаптары туралы мәліметке, сонымен қатар мыңдаған қызықты тізімдерге толы. Әр қазақ оқуы тиісті 50 кітап, жиырма жеті жасқа дейін оқу керек 27 кітап, ақылды болу үшін оқу керек кітаптар тізімі, тағысын тағы. Бұл тізімдерді қарай отырып, кітап оқуға ынтаңыз да көбейеді. 
  • Бір жанрда тоқтап қалмаңыз. Мүмкін, сіз заманауи роман оқып, ол сізге ұнамай қалды. Дегенмен, сол үшін кітап оқымай кетпеңіз. Басқа жанрды оқып көріңіз, сосын тағы басқа. Әйтеуір біреуі ұнар.
  • Оңайдан бастаңыз. Бірінші кітабыңыз екі томдық роман болса, әрине сіз шаршап кетесіз, «кітап оқу – менікі емес» деп шешесіз. Көлемі кішірек, жанры жеңілірек кітаптан бастағаныңыз әлдеқайда тиімді.
  • Кітап туралы достарыңызбен сөйлесіңіз. Олар не оқиды, қандай кітаптарды сүйеді – осының бәрін сұраңыз. Бұл, біріншіден, әңгіме жасауға өте қызықты тақырып, ал екіншіден, достарыңыздың жауаптары сізге үлкен шабыт беруі әбден мүмкін.
  • Кітап оқуды жақсы көретін достарыңыз болмаса, интернетте осы тақырыпта блогтар оқыңыз, форумдарда пікір алмасыңыз.
  • Ұмытпаңыз, мына өзгермелі дүниеде жақсы кітаптан тұрақтырақ нәрсе жоқ. Берілген қысқа ғұмырда сіз тағдырмен берілген елде, шектеулі (әлем ауқымымен салыстырғанда) жағдайларға сай өмір сүресіз. Ал кітап арқылы сіз әлемнің бақса түпкірінде, екі ғасыр бұрын немесе бір ғасырдан кейін өмір кешкендердің сезімдерін мен ойларын, мұңы мен қуаныштарын өзіңізден өткізе аласыз. Осы емес пе ең керемет нәрсе?..

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.