Posts

Showing posts from May, 2017

QUORA | Философияны түсіну үшін қандай кітаптар оқуым керек?

Image
Үлкен өтініш, Платон, Аристотель, Кант, Юм, Гуссерль, Ницше, Камюдан бастамаңызшы! Егер аталған философтардың еңбектерінен бастасаңыз, сіз философия ілімін жек көріп кетесіз. Ал философиямен Гегель арқылы танысамын десеңіз, философияны тіпті өмір бақи жек көріп кетесіз. Алғашқы қадам ретінде, кейбір жақсы жазылған кіріспелерді оқыңыз. Саймон Блэбернның "Ой: Философияға кіріспе"-сін және Найджел Уорбертонның "Философия негіздері" атты кітаптарын оқуға кеңес бере аламын. 
Екінші қадам: логика. Сіз логиканы ұқпасаңыз, философияны да ұға алмайсыз. Мысалы, Пол Томассидың "Логика" атты кітабын оқып көріңіз. 
Үшінші қадам: логикамен не істеу керек. Рэймонд Брэдли және Норман Суарстың "Ықтимал әлемдер; Логика мен Философияға кіріспе" атты кітабын оқыңыз. Бұл керемет кітап - мен оқыған ең үздік кітаптардың бірі. 
Төртінші қадам: философияның ең танымал дәлелдерін білуге уақыт келді. Майкл Брюс және Стивен Барбонның шыңармасы "Тек дәлелдер…

Алғадай туралы ойлар. Жамбыл Жабаев.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Image
Соңғы оқып бітірген кітабым: Жамбыл Жабаевтың "Жапанға біткен бәйтерек" атты жыр жинағы болды. Кітапта Жамбыл атаның жырлары, кейбір айтыстары, Дастаны орын алған. Сонымен қатар, кітап соңында жыраудың мұңға толы соңғы өмір жылдарын Роллан Сейсенбаев бейнелеген. Ол кісінің жазбашылық дарындығына мен қатты сүйсінем. Кітаптың соңында жазушы былай депті:  "Тәңірге табынған, өлімнен қорықпаған, сүйегі Екей, өзі Дешті-Қыпшақдаласының соңғы тарлан жырауы Жамбыл Жабайұлының рухына бас иген - Роллан СЕЙСЕНБАЕВ" Керемет жазылған ғой!..
Жамбыл атаның өлеңдері арасынан Бұрымға атты өлеңнің нәзіктігі, кейбір айтыстар, Дастан кезіндегі өз-өзіне жақсы баға бере алуы, ал ең қатты - Алғадай туралы ойларының терең мұңдылығы маған өте қатты әсер етті.
Үздік үзінділер:
Бұрымға Сен лашын болғанда, мен ақсұңқар, Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр. Көркің бар көрген адам таң қалғандай, Шыққандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Жасымнан жақсыларды жағаладым, Алатау, Қаратауды араладым. Қай тұсқа…

Шыңғыс Мұқан: 10 причин, почему важно знать и говорить на казахском языке.

Image
2017 жылы оқылған ең өзекті, ең жан-жақты, жүрегіме ең жылы болған кітап - ол Шыңғыс Мұқанның "Қазақ тілін меңгерудің негізгі 10 себебі" (10 причин, почему важно знать и говорить на казахском языке) атты шығармасы болды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесіне арнап шығарған шынайы патриотты кітап 2012 жылы жарық көрді. Кітап орыс тілінде жазылған және ол негізінде қазақ тілін білмейтін қазақтарға, сонымен қатар тілді жетік меңгере алмай жүрген қазақстандықтарға арнап жазған. Бірақ, автордың терең ойларын, керемет талпынысын қазақ тілін білетін, қазақ тіліне жанын арнағандардан жақсырақ кім түсінсін?..  Қазақ, орыс, ағылшын, испан тілдерінде сөйлейтін, орыс тілін тек студент кезінде өз бетінше меңгеріп алған жазушы осы бір кітапта қазақтың әдебиетіне де, тарихына да, қазақ тілінің тарихына да, қазақстандықтардың психологиясына да шолу жасайды. Автордың пікірінше, әр саналы қазақ қазақ тілінің болашағына жаны күю керек және мен осы оймен толықтай келісемін және қолдаймын. Ме…

QUORA | Адамның ең жаман қасиеті қандай?

Image
Дүйсенбі күні ол қасиетім мені жұмысқа қабылдаудан тоқтатты.
Сейсенбі күні, ол қасиетім мені қысқа әңгіме жазудан тоқтатты.
Кеше ол қасиетім мені тағамды жаңа әдіспен пісіріп көруден тоқтатты.
Бүгін ол қасиетім мені 5км жүгіруден тоқтатты.
Ол қасиетімнің атауы - өз күшіме сенбеушілік.
Ол қасиет менің тереңдегі қорқыныштарым мен тыртықтарымды біледі.
Және менің ең жаман тұсымды тауып алады.
Көбінесе, ол мені батылсыз және шабытсыз қылады.
Бірақ ең жаман кездерде, ол қасиет мені жабыраңқы, түңілген, тіпті қорқақ етеді.
Бұл армандардың баскесері және мүмкіндіктердің қасапшысы.
Әлем кісілердің өз күшіне сенбегендері үшін неден арылғанын кім білсін! Идеялар, Кім әлемдік өзін-өзі күмән жоғалтқан не біледі! Идеялар, өнер туындылары, кітаптар, жаңа ашулар, баспалар, жаңа емдеу жолдары, тағы басқа қиял мен ақыл туындылары... ешқашан жарық көрмеді.
Бәріне себеп - өзімізге сенбеушілігіміз бізге біз бұның бәрін істей алмаймыз деп сыбырлады. Ол мүмкін емес деді. Біз жеткілікті ақылды емеспіз де…

QUORA | Саяхат сіздің ақылыңызды «кеңейтуге» нақты қалай көмектесті?

Image
Саяхатсыз:
Мен мүлде басқа мәдениетте өмір сүру қандай екенін білмес едім.
Өмірдің талай тұстарын түсінбес едім.
Біреудің тілін түсінбей тұрып оны сүю қалай екенін білмес едім.
Өз бетімше өмір сүру қалай екенін білмес едім.
Кедейліктің ең тереңін көрмеген болар едім.
Нағыз бай қалай тіршілік ететініне куәгер болмас едім.
Мені шынымен не талпындыратынын білмес едім.
Мен жайлы зонамнан тыс өмір сүріп көрмеген болар едім.
Ешқашан біреуді сары сағынышпен сағынып көрмес едім.
Жабайы және батыл болуды білмес едім.
Әлемнің сұлулығы мен қасіретін көріп көзіме жас алмас едім.
Саяхатсыз мен өмірімді және отанымды шексіз қадірлемес едім.

Саяхат маған жаңа сезімдер сыйлайды.
Саяхат мені сынайды, итермелейді және өзіммен шағыстырады.
Саяхат мені шынайы бақылау мен ойлануғa итермелейді.

Ал осы кездесулер және сапарлар маған берген заттардың арасында ең құндысы:

Саяхат менің ақылымды кеңейтті. 

Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.

QUORA | Қайыршы шынайы көмек қажет етеді ме, әлде мені алдап тұр ма - осыны қалай білсем болады?

Image
Сіз бұны біле алмайсыз. Сізге бұны анықтау шынымен қажет пе? Егер кісі намысын жұтып, батылдығының бәрін жинап бейтаныс кісіден көмек сұраса, онда ол кісіге шынымен көмек керек. Бар болғаны осы.  Оларға шын мәнінде ақша көмектеседі ме, олар көмектесуге лайық па - бұны сіз шешпейсіз. Себебі сіз олардың өмірі туралы берілген бейнесінен тыс ештеме білмейсіз.  Бірақ олардың көмек туралы сұрағына сіздің иә немесе жоқ деуге құқыңыз бар. Сіз сондай-ақ беретін қаражатыңызды шектеуге құқылысыз.  Көмектескіңіз келетінін қалай біле аласыз: 1. Сіздің көмектескіңіз келіп тұр. 2. Сіздің көмектесе алатын қаражатыңыз бар. Көмектесе алмайтын кездер: 1. Сіздің көмектескіңіз келіп тұрған жоқ. 2. Сіз көмектесе алатын қаражатыңыз жоқ. Басыңызды басқамен қатырмаңыз. Мүмкін, қайырым тілеп тұрған кісі тамақты кішкентай мөлшерлермен алып үнемдеудің орнына, үлкен мөлшер алып қойып жүрген шығар. Мүмкін, олар күні бойы тамақ ішпеген шығар. Мүмкін, олар келесі рет қашан және қайда тамақтанатындарын білмейді. Ал…

QUORA | Сіз естіген ең ерсі сексист сөздер қандай болды және оған қалай жауап бердіңіз?

Image
Сексизм 2016 жылы да орын алатынын дәлелдеу мақсатында мен соңғы айларда естіген ең ерсі сексист сөздерді таңдадым (нөмір жетінші айтылған сөзді санамағанда). 1. Айтылған сөз: «Студент қыздар жеңіл киініп, иықтарын немесе аяқтарын көрсеткендері бұрыс, себебі бұл басқаларды алаңдатады. Дегенмен, менің спортпен айналасатын ұлдарым шолақ шалбар кисе болады, өйткені ол - спорт киімі».
Менің жауабым: «Қазір 2016 жыл, біз Австралиядамыз және далада 38 градус ыстық. Иықтар қалай "алаңдататын" түсінбеймін. Сонымен қатар, қыздардың аяқтары ұлдардыкіне қарағанда көбірек алаңдататынын үшін осындай ыстықта қыздар ыңғайсыз киіммен жүру керектігі әділ емес.
Мәнмәтін: Оқытушылық академиясында жұмыс істеп жүрген кезімде ер мұғалімдердің бірі осы сексист сөзді айтты.
2. Айтылған сөз: «Сіз канцелярияда қызмет ететін жаңа қызсыз ба?»
Менің жауабым: «Жоқ, біріншіден, мен университет бітірген әйелмін, екіншіден, мен жиналысқа бара жатырмын. Мен сізге көмектесе аламын ба?»
Мәнмәтін: Маған …

QUORA | Ноутбуктың камерасын жабу керек пе?

Image
Бірнеше жыл бұрын мен ноутбугыммен жұмыс істеп отырған кезде экран кенеттен қап-қара болып кетті де, өшіп қалды.
Бүкіл экранға бір хабарлама шығып, кетпей қойды.
Мен ол хабарламаны алып тастай алмадым, экранды да өшіре алмай қойдым. Тіпті ноуттан батареясын алып, қайтадан қосқанның өзінде, сол хабарлама кетпей қойды, тосқауылда болғандай.

Хабарлама «Австралия Федералдық полициясынан» болды және хабарламада мен қарақшылық жасап материал жүктеп отырған орнымда ұсталғаным туралы айтылды.
Сонымен қатар, хабарламада менің ноутбугым бақылауға алынғаны және маған болашақта үлкен айыпақы төлету мақсатында мені қадағалайтыны туралы мәлімдеді. Хабарламада менің суретім де болды...
Менің веб-камерамды хакерлер қолданып мені суретке түсіріп алғанын білгенде мен қатты қобалжып кеттім.
Олар менің ноутбугымды өз бақылауына алып, үйімнің ішінен мені суретке түсіре алды. Мені бопсалауды көздеді.
Көршімнің ноутбугын қолданып, өз ноутбугыммен болған жағдайды гуглда іздестіріп көрдім. Сөйтіп, бұл ке…

QUORA | Өмірлік кеңес: қалай мен өзімнің өмірімді жеңіл қылсам болады?

Image
Менің өмірім жақында өте жеңіл болып кетті, бұндай жеңілдік тіпті бұрын-соңды болмаған еді. Осы күнгі жеңілдікке жеткен әдістерім: 1. Заттарымның бәрін лақтырып жібердім. Дүние-мүлкімнің бәрін құрттым да, керектісін екі үлкен қапқа және бір арқа қоржынға салдым. Үлкен қаптар сақтауда тұр, ал арқа қоржынды өзіммен бірге сапарларға алып жүремін. Бұл менің сапарларға еркін аттануыма мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, бір жерге аттанар кезде арқа қоржынды ғана алып жүру маған еркіндік сезімін сыйлайды. 2. Тіркелген мекен-жайдан құтылу. Пәтерімді сатып, шет елге көшіп кеттім де, кіріс хаттарды ата-анамның мекен-жайына аудардым. Қазір жоспарларым бірнеше айды ғана қамтиды, алыс болашақты жоспарламаймын. Әлемнің кез-келген түкпіріне баруға еркінмін және тек жүрегім қалаған іспен айналыса аламын. 3. Оған өзімнің сезімдерім туралы айттым.  Өзіме әлсіз болуға рұқсат бердім де, ол адамға көп жылдар бұрын айтуым керек болған сөздерді айттым. Оны сүйетінімді айттым. Сол сөздерден кейін қ…

QUORA | Ата-анаңыз сіз үшін істеген жақсылықтың қайсысы сізге ең қатты әсер етті?

Image
Бала кезімде ата-анам маған әр түн кітап оқып беретін. Маған оқу мен жазуды мектепке дейінгі жасымда үйретті. Маған өмір бойы оқи алатын саны шексіз кітаптар сатып алып берді. Әрқашан менің жазуымды қолдады және мен жазған әр туындыны үлкен ынтамен оқыды. Аталған ата-анамның қылықтары мектеп кезінде менің алғырлығыма, оқуға деген құштарлығыма, сөз байлығым кең болуына, дұрыс жазу және грамматиканы білу қабілетіме, кітап оқуды қуанышты терапия ретінде пайдалануыма және менің ұзаққа созылған оқу мен жазуға деген сүйіспеншілігіме бірден-бір себеп болды.

Менің ең жақын досымда төрт айлық сәбиі бар және ол жүкті болған кезінен бастап сәбиіне кітап оқып келеді. Қазір досым баласына күнде суреттері бар кітаптар оқып жүр. Сәбиі кітапты әлі жетік түсінбесе де, анасының жұмсақ дауысын беріліп тыңдап отыруын көру - тамаша көрініс.

Мен бір нәрсені білем: досымның баласы өскен кезде, ол да мен сияқты осы әсерлі сәттерді үлкен алғыспен еске алатын болады.
Жауап берген: Katie …

100 Experiences of Modern Kazakhstan

Image
Осы жолы посқа себеп болып отырған кітап - Заманауи Қазақстанның 100 көрінісі атты Ник Роуанның (Nick Rowan) туындысы.  
Кішкентай ғана келген кітапша өте сапалы суреттерге, қызықты да қысқа ақпаратқа толы өте көркем туынды болып табылады. Бір қызығы, шығарма ағылшын тілінде жазылған, сондықтан кітап шет ел азаматтарында Қазақстанға деген қызығушылық тудырады деген үміт береді. Кітапқа сенсек, жерімізде туристерді қызықтыратын жерлер де, көріністер де өте көп :) Автор Астана қаласында қаланған жаңа ғимараттардан бастап, әсем қалаларымызды, тау-суларымызды, тіпті шәй ішу әдетімізге дейін (tea party деп атапты) көркем баяндап береді. Бұл кітапты оқып біткен кезде менің Қазақстанды аралап, сапар бастағым келіп кетті. Қазақтарда, шынымен, мақтанарлық зат көп екен.
Сіздерге жүз көрікті көріністің кейбіреулерін атап өтем. Астана қаласында: Бәйтерек, Пирамида, Бірінші Президенттің кітапханасы, Опера үйі, Экспоға арнап салынған ғимараттар, Хан шатыр, Әзірет Сұлтан мешіті, тағы басқа. Алматы …

Қадыр Мырза Әлі: Таңдамалы шығармалар.

Image
Демалыс күндерім жақсы өтті десе болады, себебі мен соңғы екі күн қазақтың өшпес өлеңдерін оқумен болдым. Осы жолы Қазақстанның Халық жазушысы және ақыны, Қадыр Мырза Әлі ағаның таңдамалы шығармаларымен таныстым. Шынымды айтсам, ақын туралы тек ол кісі ескі әнұранды жазғандардың бірі екенін білгенім болмаса, басқа оның бір де бір өлеңін оқымаппын, тіпті "Домбыра" өлеңі Қадыр ағаныкі екенін де білмегем.
"Таңдамалы шығармаларда" жастық шақ, туған жер, еліміздің болмысы туралы өлеңдер орын алған. Аталмыш туындылар ақынның байсалдылығымен және сабырлығымен жазылғаны көрініп тұр. Мәселен, сезімге, отқа толы өлең көп болмады. Сонымен қатар, Қадыр Мырза Әлі нағыз қазақ өлеңі стилін (қысқа да нұсқа) терең меңгерген екен. Бұл, әрине, жас ақындар үлгі тұтарлық зат.
Көп жазып не керек, өлеңдерден алған әсерді баяндау қиын. Аса ұнаған өлеңдерді келешекте қайта оралу үшін белгілеп қойдым. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, ұнаған өлеңдер өте көп :) 
Кейбіреуін назарларыңызға ұс…