100 Experiences of Modern Kazakhstan

Осы жолы посқа себеп болып отырған кітап - Заманауи Қазақстанның 100 көрінісі атты Ник Роуанның (Nick Rowan) туындысы.  

Кішкентай ғана келген кітапша өте сапалы суреттерге, қызықты да қысқа ақпаратқа толы өте көркем туынды болып табылады. Бір қызығы, шығарма ағылшын тілінде жазылған, сондықтан кітап шет ел азаматтарында Қазақстанға деген қызығушылық тудырады деген үміт береді. Кітапқа сенсек, жерімізде туристерді қызықтыратын жерлер де, көріністер де өте көп :) Автор Астана қаласында қаланған жаңа ғимараттардан бастап, әсем қалаларымызды, тау-суларымызды, тіпті шәй ішу әдетімізге дейін (tea party деп атапты) көркем баяндап береді. Бұл кітапты оқып біткен кезде менің Қазақстанды аралап, сапар бастағым келіп кетті. Қазақтарда, шынымен, мақтанарлық зат көп екен.

Сіздерге жүз көрікті көріністің кейбіреулерін атап өтем. Астана қаласында: Бәйтерек, Пирамида, Бірінші Президенттің кітапханасы, Опера үйі, Экспоға арнап салынған ғимараттар, Хан шатыр, Әзірет Сұлтан мешіті, тағы басқа. Алматы облысында және қаласында: алмалар :), Шарын каньоны, Шымбұлақ, Медеу, Көк-төбе. Таулар: Шерқала, Бектау-ата, Хан тәңірі... Көлдер: Алакөл, Зайсан, Қайынды, Көлса, Балқаш, Шалқар, Шайтанкөл, тб. Автор Маңғыстау және Атыраудағы керемет әрі өзгеше жерлерді де қалдырмапты.
Осыған қоса, Ник Роуан қазақ үйдің әдемілігін, ұлттық аспаптарды, қазақтың ұлттық тағамдарын, ұлттар арасындағы достықты сүйіспеншілікпен баяндаған. 

Қысқасы, бұл кітапты қазақстандыққа да, елімізге қонақ болып келген/келгісі келетін кісілерге де міндетті түрде оқу керек. Керемет кітап!

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.