QUORA | Өмірлік кеңес: қалай мен өзімнің өмірімді жеңіл қылсам болады?


Менің өмірім жақында өте жеңіл болып кетті, бұндай жеңілдік тіпті бұрын-соңды болмаған еді.
Осы күнгі жеңілдікке жеткен әдістерім:
1. Заттарымның бәрін лақтырып жібердім.
Дүние-мүлкімнің бәрін құрттым да, керектісін екі үлкен қапқа және бір арқа қоржынға салдым. Үлкен қаптар сақтауда тұр, ал арқа қоржынды өзіммен бірге сапарларға алып жүремін.
Бұл менің сапарларға еркін аттануыма мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, бір жерге аттанар кезде арқа қоржынды ғана алып жүру маған еркіндік сезімін сыйлайды.
2. Тіркелген мекен-жайдан құтылу.
Пәтерімді сатып, шет елге көшіп кеттім де, кіріс хаттарды ата-анамның мекен-жайына аудардым. Қазір жоспарларым бірнеше айды ғана қамтиды, алыс болашақты жоспарламаймын. Әлемнің кез-келген түкпіріне баруға еркінмін және тек жүрегім қалаған іспен айналыса аламын.
3. Оған өзімнің сезімдерім туралы айттым. 
Өзіме әлсіз болуға рұқсат бердім де, ол адамға көп жылдар бұрын айтуым керек болған сөздерді айттым. Оны сүйетінімді айттым. Сол сөздерден кейін қаншалықты жеңілдеп қалғанымды білсеңіздер ғой! Сезімдерімнен іштей күю азабы, ұйқысыз түндер де бітті. Белгісіздік бұдан былай ішімді өртемейтін болды. және жүрек айнытатын өзіме деген сенімсіздік те артта қалды. Шындықты айту жасырынудан жеңілірек болып шықты.
  4. Қарыздарымнан құтылдым. 
Тек қарымздарымды ғана төлемей, сонымен қатар керекті ақша жинадым. Қаржылықты тұрақтылыққа және жеңілдікке жету мақсатында екі қиын жұмыста күні-түні тыным таппадым. Ең маңыздысы, бай болуға ешқашан ұмтылғаным жоқ. Мен тек жайлы өмір сүруге жеткілікті қаражат табу үшін ғана еңбек еттім. Табыс әкелмесе де, қалған уақытымды армандарымды іске асырумен айналыстым.
5. Мейірімділігіме шек қойдым. 
Өзімді ыңғайсыз сезінсем, ыңғайсыздық тудырған кісіге ол туралы айтамын. Бір нәрсені істегім келмей тұрса, "жоқ" деп айтамын. Бұл менің өміріме салыстырылмайтын жеңілдік берді. Өзімді бірінші орынға қоюды, басқалардың көңіліне алаңдауды тоқтаттым. Мен кішкентай бала емеспін, сондықтан өзім қаламайтын заттарды істеуге міндетті емеспін. Сөйтіп, мен өз ойымдағыны айтуды үйрендім. Мен бір нәрсені айтсам, мен шын солай ойлаймын деген сөз.
6. "Мансапыма" тым қатты көңіл бөлуді тоқтаттым. 
Жасөспірім кезімде жемісті жұмысты былай елестейтінмін: өзіңнің жеке кеңсең мен жеткілікті жалақыға қол жеткізбегеніңше жиырмадан отыз жасыңа дейін бастықтарға жағу және жақсы көріну үшін елеулі еңбек ету керек. ...Бірақ маған бұның бәрі мағынасыз болып көрінеді. Жұмыстағы лауазымдар, әріптестермен шендесулер, немесе танымайтын кісілерге әсер жасауға тырысу - бұның бәрі сондай мағынасыз әрі маңызы жоқ!

Мен жабайы, шытырман оқиғалы өмір сүругім келеді. Мен түрлі мәдениеттермен танысу үшін жер шарын аралағым келеді. Әртүрлі жұмысты әртүрлі адамдармен істеп көргім келеді. 

Неден шабыт алатыныңызды, оталатыныңызды табыңыз. Үлкен үміттерден арылыңыз. 

 Сол кезде жеңілдік те келеді.  

Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.  

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.