QUORA | Ата-анаңыз сіз үшін істеген жақсылықтың қайсысы сізге ең қатты әсер етті?


  • Бала кезімде ата-анам маған әр түн кітап оқып беретін.
  • Маған оқу мен жазуды мектепке дейінгі жасымда үйретті.
  • Маған өмір бойы оқи алатын саны шексіз кітаптар сатып алып берді.
  • Әрқашан менің жазуымды қолдады және мен жазған әр туындыны үлкен ынтамен оқыды.
Аталған ата-анамның қылықтары мектеп кезінде менің алғырлығыма, оқуға деген құштарлығыма, сөз байлығым кең болуына, дұрыс жазу және грамматиканы білу қабілетіме, кітап оқуды қуанышты терапия ретінде пайдалануыма және менің ұзаққа созылған оқу мен жазуға деген сүйіспеншілігіме бірден-бір себеп болды.

Менің ең жақын досымда төрт айлық сәбиі бар және ол жүкті болған кезінен бастап сәбиіне кітап оқып келеді. Қазір досым баласына күнде суреттері бар кітаптар оқып жүр. Сәбиі кітапты әлі жетік түсінбесе де, анасының жұмсақ дауысын беріліп тыңдап отыруын көру - тамаша көрініс.

Мен бір нәрсені білем: досымның баласы өскен кезде, ол да мен сияқты осы әсерлі сәттерді үлкен алғыспен еске алатын болады.

Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.