QUORA | Ноутбуктың камерасын жабу керек пе?


Бірнеше жыл бұрын мен ноутбугыммен жұмыс істеп отырған кезде экран кенеттен қап-қара болып кетті де, өшіп қалды.
Бүкіл экранға бір хабарлама шығып, кетпей қойды.
Мен ол хабарламаны алып тастай алмадым, экранды да өшіре алмай қойдым. Тіпті ноуттан батареясын алып, қайтадан қосқанның өзінде, сол хабарлама кетпей қойды, тосқауылда болғандай.

Хабарлама «Австралия Федералдық полициясынан» болды және хабарламада мен қарақшылық жасап материал жүктеп отырған орнымда ұсталғаным туралы айтылды.
Сонымен қатар, хабарламада менің ноутбугым бақылауға алынғаны және маған болашақта үлкен айыпақы төлету мақсатында мені қадағалайтыны туралы мәлімдеді. Хабарламада менің суретім де болды...
Менің веб-камерамды хакерлер қолданып мені суретке түсіріп алғанын білгенде мен қатты қобалжып кеттім.
Олар менің ноутбугымды өз бақылауына алып, үйімнің ішінен мені суретке түсіре алды. Мені бопсалауды көздеді.
Көршімнің ноутбугын қолданып, өз ноутбугыммен болған жағдайды гуглда іздестіріп көрдім. Сөйтіп, бұл кең таралған алаяқтық екенін және ноутбукты жөндеуге болатынын оқыдым.
Бәрі жақсы аяқталды, дегенмен, осы оқиғадан кейін мен веб-камерамды біржолата және тұтас өшіріп тастадым, сонымен қатар веб-камераның үстін жауып тастадым.
Әлі де кез-келген жұмыс істейтін ноутбуктың камерасын жауып қойып қана қолданамын.
Елдер мені параноик деп ойлайды, бірақ оларды ешкім ноутбугы арқылы бақылап көрмеген шығар.

Шынымен, веб-камераңызға сырттай отырып оп-оңай қол жеткізе алатын кісі көп. Осы кісілер сізді суретке түсіріп алып, ол суретті сізге жамандық жасау үшін қолдануы мүмкін. Сондықтан, менің жауабым: "иә, бәрі өздерінің ноутбуктарындағы веб-камераны жауып қою керек".
Сақтықта қорлық жоқ.


Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.  

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.