QUORA | Сіз естіген ең ерсі сексист сөздер қандай болды және оған қалай жауап бердіңіз?

Сексизм 2016 жылы да орын алатынын дәлелдеу мақсатында мен соңғы айларда естіген ең ерсі сексист сөздерді таңдадым (нөмір жетінші айтылған сөзді санамағанда).
1. Айтылған сөз: «Студент қыздар жеңіл киініп, иықтарын немесе аяқтарын көрсеткендері бұрыс, себебі бұл басқаларды алаңдатады. Дегенмен, менің спортпен айналасатын ұлдарым шолақ шалбар кисе болады, өйткені ол - спорт киімі».
Менің жауабым: «Қазір 2016 жыл, біз Австралиядамыз және далада 38 градус ыстық. Иықтар қалай "алаңдататын" түсінбеймін. Сонымен қатар, қыздардың аяқтары ұлдардыкіне қарағанда көбірек алаңдататынын үшін
осындай ыстықта қыздар ыңғайсыз киіммен жүру керектігі әділ емес.
Мәнмәтін: Оқытушылық академиясында жұмыс істеп жүрген кезімде ер мұғалімдердің бірі осы сексист сөзді айтты.

2. Айтылған сөз: «Сіз канцелярияда қызмет ететін жаңа қызсыз ба?»
Менің жауабым: «Жоқ, біріншіден, мен университет бітірген әйелмін, екіншіден, мен жиналысқа бара жатырмын. Мен сізге көмектесе аламын ба?»
Мәнмәтін: Маған бұл сұрақты оқыту академиясында жұмыс істеп жүргенімде бір студент айтты.

3. Айтылған сөз: «А, сен анадай қыздардың бірісің бе?» (Көзін алартты).
Менің жауабым: «Әйел емшектері ер емшектерінен дөрекірек емес деп санайтын қыздың бірін айтасың ба? Иә, мен сондаймын».
Мәнмәтін: Мен жолдасыммен әйелдер емшегіне бұқаралық ақпарат құралдарында тыйым салынғаны жайлы сөйлесіп отырғанмын.

4. Әңгіме:
Ер адам: «Эй, сен бізбен бірге сауық кешіне бару керексің».
Meн: «Жоқ, рахмет, мен қазір досыммен бірге үйге кеткелі жатырмын».
Ер
адам: «Қойшы, біз жақсы жігіттерміз. Қызықсыз болмашы!»
Мен: «Мені бұл қызықтырмайды дедім ғой!»
Ер
адам: «Неге соншалықты өрескелсің, ақымақ! Кептеліп қал, қаншық!»
Мәнмәтін: Бұл сауық кештеріне өте тән әңгіме. Мен құрбыммен сөйлесіп тұрғанда бізді бөлген ер кісіге сыпайы түрде
«жоқ» деп жауап берсем де, үнемі өрескел, қаншық, жалап атанамын. Мен «жоқ» дегенім үшін, "қаншық" сөзін дереу және еркін бетіме басады. 

5. Әңгіме:
Құрбым:
«Сонымен, университет бітіріп, немен айналысасың?»
Мен: «Кем дегенде бір жыл ел аралағым келеді және жалпы біраз уақыт еркін сапарлағым келеді».
Құрбым: «Бұндай өмір салтымен сен қалай жігіт немесе күйеу таба алам деп ойлайсың сонда?»
Мен: «Бұл дәл қазір менің тізімімде жоғары приоритетті сұрақ емес».
Мәнмәтін: Мен бұл мысалды әйелдер бір-біріне де қатысты сексист болуы мүмкін екендігін көрсету үшін келтірдім
 
6. Айтылған сөз: «Сен күлімсіресең әлдеқайда әдемі болар едің!»
Менің жауабым: *Көзімді жұмып, онға дейін санаймын*
Мәнмәтін: Жұмыста мен ылғи осы сияқты пікірлерді естіп отырамын.

7. Айтылған сөз: «Жоқ, қыздар футболды ұнатпайды»
Менің жауабым: «Бірақ мен ұнатамын ғой».
Мәнмәтін: Кішкентай бала кезімде әкем, інім және әкемнің досы үлкен футбол ойынын көруге сапарға бару туралы талқылап отырған еді. Мен әңгімелеріне араласқан кезде осыны естідім.


Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.  

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.