QUORA | Қайыршы шынайы көмек қажет етеді ме, әлде мені алдап тұр ма - осыны қалай білсем болады?

Сіз бұны біле алмайсыз. Сізге бұны анықтау шынымен қажет пе?
Егер кісі намысын жұтып, батылдығының бәрін жинап бейтаныс кісіден көмек сұраса, онда ол кісіге шынымен көмек керек. Бар болғаны осы. 
Оларға шын мәнінде ақша көмектеседі ме, олар көмектесуге лайық па - бұны сіз шешпейсіз. Себебі сіз олардың өмірі туралы берілген бейнесінен тыс ештеме білмейсіз. 
Бірақ олардың көмек туралы сұрағына сіздің иә немесе жоқ деуге құқыңыз бар. Сіз сондай-ақ беретін қаражатыңызды шектеуге құқылысыз. 
Көмектескіңіз келетінін қалай біле аласыз:
1. Сіздің көмектескіңіз келіп тұр.
2. Сіздің көмектесе алатын қаражатыңыз бар.
Көмектесе алмайтын кездер:
1. Сіздің көмектескіңіз келіп тұрған жоқ.
2. Сіз көмектесе алатын қаражатыңыз жоқ.
Басыңызды басқамен қатырмаңыз.
Мүмкін, қайырым тілеп тұрған кісі тамақты кішкентай мөлшерлермен алып үнемдеудің орнына, үлкен мөлшер алып қойып жүрген шығар. Мүмкін, олар күні бойы тамақ ішпеген шығар. Мүмкін, олар келесі рет қашан және қайда тамақтанатындарын білмейді. Ал аш адамға шағын мөлшерді тамақ жеткіліксіз. 
Сізді ешкім қайыршыларға көмек беруге мәжбүрлемейді. Сізден көмек көрсету сұранылды. Көмектесуге себеп берілді. Нәтижесінде, сіз мүмкін екі қабілеті шектелген әйелдің тамақтарын төлеп бердіңіз. 
Ал мейірімділік көрсету ешқашан құнын жоғалтпаған. 

Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.  

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.