QUORA | Адамның ең жаман қасиеті қандай?

Дүйсенбі күні ол қасиетім мені жұмысқа қабылдаудан тоқтатты.
Сейсенбі күні, ол қасиетім мені қысқа әңгіме жазудан тоқтатты.
Кеше ол қасиетім мені тағамды жаңа әдіспен пісіріп көруден тоқтатты.
Бүгін ол қасиетім мені 5км жүгіруден тоқтатты.
Ол қасиетімнің атауы - өз күшіме сенбеушілік.
Ол қасиет менің тереңдегі қорқыныштарым мен тыртықтарымды біледі.
Және менің ең жаман тұсымды тауып алады.
Көбінесе, ол мені батылсыз және шабытсыз қылады.
Бірақ ең жаман кездерде, ол қасиет мені жабыраңқы, түңілген, тіпті қорқақ етеді.
Бұл армандардың баскесері және мүмкіндіктердің қасапшысы.
Әлем кісілердің өз күшіне сенбегендері үшін неден арылғанын кім білсін! Идеялар, Кім әлемдік өзін-өзі күмән жоғалтқан не біледі! Идеялар, өнер туындылары, кітаптар, жаңа ашулар, баспалар, жаңа емдеу жолдары, тағы басқа қиял мен ақыл туындылары... ешқашан жарық көрмеді.
Бәріне себеп - өзімізге сенбеушілігіміз бізге біз бұның бәрін істей алмаймыз деп сыбырлады. Ол мүмкін емес деді. Біз жеткілікті ақылды емеспіз деді.

Бірақ бұл ертеңге қатысты емес.
Ертең мен алыс қашықтыққа жүгіремін, әңгімелер жазамын және жаңа мүмкіндіктер жасаймын. Ертең мен төсектен жақсы көңіл-күйде тұрамын.
Ертең мен өз күшіме сенбеушілікке маған кедергі жасауға жол бермеймін.
Жоқ, ертең мен көтеріңкі көңіл-күймен, өз күшіме сенімге толы боламын.

Жауап берген: Katie Birtles. Сапаршы, кітап сүйгіш, жазушы.  

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.