Жапон елінің мақалдары.


Назарларыңызға "Шығыс елдерінің мақалдары" (Пословицы Востока) атты кітаптан жапон елдерінің өзіме ең ұнаған мақалдарын ұсынамын. Көріп отырғандарыңыздай, өте көп мақал қарапайымдылығымен және мағынасы тереңдігімен ұнады. Көп мақал өзіміздің қазақ мақадарына мағынасымен ұқсас, бірақ мен бәрібір олардың қазақша баламасын жазбай, тура аударып отырдым. Кейде тура аударма болып кетіп отырды ("қарапайым құлақ"!), ал кейде әдеби аударуға тырыстым. Аса ұнағандарын белгілеп қойдым.
Ал мақалдарды орысша мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. 
Қате кетіп жатса, айтып отырыңыздар :)

Баланы қатты еркелетіп өсіру оны тастап кетумен тең.

Жұмысы жоқтың сөзі көп.

Алтын Буддадан қаттырақ жарқырайды.

Ғылымға қысқа жол жоқ.

Дауды қаттырақ айқайлайтын жеңер.

Ұлы менмендік менменсіздік болып көрінеді.



Ұлы дарын жәй піседі.

Бейбітшілік кезінде де соғыс қауіпін естен шығарма.

Ұры өз есігін құлттап жүреді.

Тәрбиең шығу тегіңнен маңыздырақ.

Дәрігер өз денсаулығын ойламайды.

Қызбалық жетістік әкелмес.

Кездесу - қоштасудың басталуы.

Ұзын теректер желден көбірек азап шегеді.

Көз ерінмен бірдей айқын сөйлейді.

Ақылсыз ит қатты үреді.

Жоспар құру - еден астындағы тышқандарды күлдіру.

Аш ит таяқтан қорықпайды.

Мың ридан тұратын жол да бірінші қадамнан басталады. (ри - 3,9км)

Бірдемені алу үшін бірдеме беру керек.

Ақша адам арасын алыстатады.

Басыңды суықта, аяғыңды жылыда ұста.

Төбелесіп жатқан торғайлар адамнан қорықпайды.

Айтылмай жасалған мейірімділік ашық бағаланады.

Жақсы істі ертеңге қалдырма.

Жаңбыр тамшысы тас қайрайды.

Дәлел пікірден жақсырақ.

Айдаһар мен жолбарыс сыйыспас.

Ақымақтар тобыр болып жүреді.

Сенген кісі балыққа та табынар.

Балаңды сүйсең, оны сапарға жібер.

Балық қаласа, су да бағынар.

Көлеңке іздесең, үлкен ағаштың астына бар.

Шыжыған ыстық бітсе көлеңке үмытылады.

Көпті тілеу ештемені тілемеумен тең.

Адам ғұмыры сәріден қысқарақ.

Жақсы кеңес керек болса, шалға бар.

Өз-өзіңді күту - ең жақсы дәрі.

Кісіні еске түсірсең, оның көлеңкесі келер.

Айна мен адамгершілік әйелге бірдей керек,

Жылан жылан ізін бірден таниды.

Білген сөйлемейді, сөйлеген білмейді.

Үш жыл үстінде отырсаң, тас та жылиды.

Күні келгенде егеуқұйрық та жолбарыс болар.

Шеттен тыс дәрі уға тең.

Данышпан да мыңның бірінде қате жасайды.

Шектен тыс әдептілік жарамсықтыққа тең.

Ескіні оқи отырып жаңаны білесің.

Алдыда жүрген басқаларға жол көрсетер.

Кейде қашу жеңумен тең.

Адалдық аспанға жетеді.

Шынайы білім көзге түспейді.

Жаман иістің себепкері өз иісін білмейді.

Әр бейтанысты ұры деп сана.

Мейрамды күту мейрамның өзінен жақсырақ.

Әңгіменің бітуі - істің басталуы.

Жаңбыр біткенде қолшатыр ұмытылады.

Батпақта үлкен балық табылмайды.

Тамақтан кейін бірден ұйықтайтын адам малға айналады.

Көппен айналысатын ешқандай істі тындармайды.

Шамы бар адам алдыда жүрсін.

Бағынбаған бағындыра алмас.

Нан гүлден жоғарырақ.

Жаманның досы болғанша, жақсының жауы болған артық.

Шектен асып кеткенше. аяғына дейін бітірмеу артығырақ.

Бір тырнаның дыбысы жүз торғайдың дыбысынан артық.

Қай құдайға бағынсаң, соны шынайы санайсың.

Жарық қоңыздың сүйімі (махаббаты) шартылдақ цикаданың сүйімінен ыстығырақ.

Ұсақ су қаттырақ шулайды.

Ер адам оны түсінген әйел үшін өмірін қияды; әйел оны сүйген кісі үшін сәнденеді.

Ер адам - қарағай, ал әйел - лалагүл (лалагүл қарағайды қоршап өседі).

Біреу бізге қарыз болса, біз оны ұмытпаймыз, бірақ өз қарыздарымызды оңай үмытып қаламыз.

Сөйлей де, тыңдай да білу керек.

Шынайы жауынгер қайырымдылыққа толы.

Басқадан жасыру керек затты істеме.

Өзін мақтайтын кісіге сенбе.

Дұға оқымай, жұмыс істе.

Аспан үндемейді - оның орнына адамдар сөйлейді.

Арақ ішпеген бас жазғандағы судың қандай тәтті екенін ұқпас.

Бақытсыздық адамнан асыл тас жасайды.

Елес болмаса көңілің де қалмайды.

Ақымақтан қорқыныштырақ ештеме жоқ.

Төсекте жатқан сүрінбес.

Өзің туралы басқадан сұра.

Үндемейтіндерден алыс жүр.

Қылмыскердің өзін емес, қылмысын талқыға сал.

Қате жасасаң, оны түзеуге ұялма.

Қалам семсерден мықтырақ.

Ән әлемді билейді.

Ғибадаханаға көршілес шайтан тұрады.

Шамшырақтың астында әрқашан қараңғы.

Күдіктенушілік нышан тудырады.

Ойланып - бел бу, бел буған соң - ойланба.

Моладағы тасты жылы көрпемен жабудан пайда жоқ.

Ата-анаң тірі кезінде олардан алыс кетпе.

Арзанға сатып алу - ақша босқа шашу.

Жоғалған зат үлкен болып көрінеді.

Тамақты қажет еткенде махабатты ұмытасың.

Ақындар табиғат сұлулығын үйден шықпай бағалайды.

Үйрету - білімді болуға жарты жол кешу.

Себеп пен жабыстырғышты кез-келген жерге жабыстырса болады.

Себеп - әкеде, салдары - балаларында.

Қайырымдылықтан семсер де жеңіледі.

Бүгінгі елу ертеңгі жүден артық.

Жұмыс жасайтын диірменге мұздауға уақыт жоқ.

Қарлығаш пен торғай дегелектің мұңын түсінбес.

Қызғану - махаббаттың жаны.

Ұлылардың сөздері қарапайым құлақтарға арналмаған.

Бақыттың да, бақытсыздықтың да себепкері - тіл.

Сәке (сакэ) ойыңдағыны айтқызады.

Сәке ішіп, көп ұйықтасаң - кедей боласың.

Шам басқаларға жарық түсіремін деп өзі жанады.

Өз ісіңді өзің істе.

Болжағыш өз тағдырын білмейді.

Өз дарындарыңа желқайық көтер.

Қолыңнан келгенді істе, ал қалғанын тағдырға тапсыр.

Әйел жүрегі көктемгі ауа-райына ұқсас.

"Жек көрем" деп айту "сүйем" деумен тең.

Қарапайымдылық - даналықтың әшекейі.

Басқалардың қылықтарына қарап, өзіңді түзе.

Соқыр жылан ештемеден қорықпайды.

Көп үретін ит тістемейді.

Әділетті адам өзіне қатал, ал басқаларға мейірбандықпен қарайды.

Сұрасаң - бір минут ұяласың, сұрамасаң - өмір бойы ұялып өтесің.

Кәрі ат жолды ұмытпайды.

Ескі ағаштар майыспайды.

Жүз күндік уағызды бір көріксіз қылық жоққа шығарады.

Тағдыр мен көлеңке өмір бойы адамның артынан жүреді.

Бақыт пен бақытсыздық жіптің талшығындай бір-бірімен оралады.

Бақыт күлкі бар үйге келеді.

Дарындылар ұзақ өмір сүрмейді.

Шыдамдылық - өмірлік қазынаң.

Әрдайым күліп жүретін кісінің жүрегіндегіні айту қиын.

Кедейлерде бос уақыт жоқ.

Күннің көзі бар, түннің құлағы бар.

Ер адамда - бас, әйелде - жүрек.

Сырттан бақылайтын адамда сегіз көзі бар.

Қашатын адам жол таңдамайды.

Жылан тістеген адам таяқтан қорқа бастайды.

Күлімсіреу зиян әкелмейді.

Өлу оңай, өмір сүру қиын.

Ақылды қаршыға тырнақтарын тығады.

Ақымақ пен есалаңға жол бер.

Жақсы жүзгіштер көп суға батады.

Раушан неғұрлым әдемірек болса, тікендері соғұрлым ұзынырақ.

Біреуді күткенше, өзіңді күткіз.

Тез піскен тез бұзылады.

Барды жақтырмаймыз, жоқты қалаймыз.

Жүзіп үйрену үшін бірінші суға секіру керек.

Әке сезімі таудар жоғары, ана сезімі мұхиттан терең.

Басқаның азабын үш жыл болса да шыдауға болады.



Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.