Корей елінің мақалдары.

"Шығыс елдерінің мақалдары" атты кітаптың ішінен ұнаған корей мақалдары қазақ тілінде:
Суды төгіп алсаң қайта жинай алмайсың.

Жақсы қабілетіңнің бәрі - өзіңнен, жамандары - ата-бабаңнан.

Дәрі ем болса да, болмаса да - ақшасын төлеу керексің.

Судың тереңдігін түсінерсің, ал әйел жүрегін түсіне алмайсың.

Ініне тығылған жыланның ұзындығын біле алмайсың.

Заң алыста, ал жұдырық - жақын.

Ұялшақтық адам өлтіреді.

Жолды білсең - қуып жет.


Кірпіге оның балалары жұмсақ болып көрінеді.

Кішкентай бұлақты да үлкен құрметпен атта.

Еске алсаң жолбарыс та келеді.

Мені мақтаған адам - жауым менің.

Айда аяқ жоқ болса да аспанда жүреді; желде қол жоқ болса да теректер тербетеді.

Ұрылар болмаса заң керек емес.

Әңгімесі тәттіге емес, соясы тәттіге қонаққа бар.

Өрмелеушілердің үстінде ұшатындар бар.

Бастық не айтса да, бәрі шындық.

Өлімнен қорықпа, ауырып қалудан корық.

Басқаға шық деп айтқан теректі жұлқылама.

Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар бірінші өседі.

Мақтадан жақсырақ гүл жоқ.

Қыран шыбын ауламайды.

Көп жылаған балаға артық қасық күріш беріледі.

Ашықсаң әлем танисың.

Бір түс келсе, қалғандары артынан келер.

Үш күн аш қалсаң, төртіншісінде ұрлайсың.

Аяғыңды көрпенің ұзындығына сәйкес соз.

Қасқырдай жұмыс істеп, тышқандай тамақтан.

Байыған кедей садақа бермейді.

Көрші әрдайым қаттырақ қорылдайды.

Тоқ адам аш адамды түсінбес.

Көп сөйлейтін үй иесінде соясы ашты.

Сопы еттің дәмін білсе, ғибадатханада шыбын қалмас еді.

Ақылды мысық түнде көрмейді.

Қала жаңалықтарын білгің келсе - шет аймаққа бар.

Гүл әдемі болса, көбелектер ұшып келеді.

Өсекші ерте өледі.


Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.