Вьетнам елінің мақалдары.

Орысша нұсқаны оқи отырып, аудармамда қателерімді көріп жатсаңыздар, айтуларыңызды сұраймын.


Бай болса - жақының, кедей болса - бөтен.

Байлық - күйеудікі, еңбек - әйелдікі.

Байлықтан салтанат рәсімдері туады.

Балаларың әлі жоқта немесе балаларың өсіп кеткенде ғана бай болуға болады.



Кедей болсаң миыңды іске қос.

Ашуланған ақылынан адасады, шаруамен айналысқан тәбетін жоғалтады.

Мыс кәстрөлде пісірген оңай, көріксіз күйеуді басқару оңай.

Шарап кірсе, сөздер шығады.

Жоғары ұшқан төмен құлайды.

Қызықты әңгіме айту көп әңгіме айтудан жақсырақ.

Ақылсызбен сөйлессең шешімге келмейсің.

Алыстағы су оттан құтқармайды.

Күйеусіз қыз - тұтқасыз қайықтай, әйелсіз ер бала - жүгенсіз аттай.

Ақшасы бар адам заңды елемейді.

Үй таза болса - салқын, кесе таза болса - шәй тәтті.

Тату ерлі-зайыптылар Тұнық Мұхитының суын тартып шығара алады.

Өзінің қара екенін білетін қарға аққұтанға жоламас.

Тәтті шарап көп ішсең мас боласың, тәтті әңгіме көп тыңдасаң - жалығасың.

Жабырқаған адамның айқайын аспан естімейді.

Білсең - сөйле, білмесең - басқаларды тыңда.

Бейбарақат адамға жер мен көк те мейірімді.

Ауырғанда өзіңді аяйсың, ал жазылғанда дәріге кеткен ақшаны аяйсың.

Қалжыңды көп рет қайталаса ол шындыққа айналады.

Күйеуі ақылды болса әйелі тыңдайды.

Тамаққа ашкөз болсаң қайғыға ұрынасың.

Үстірт білімің болғанша, білімсіз боған артық.

Түнде ұйықтай алмайтындар ғана түннің ұзақтығын біледі.

Анаңның жүз ұрғанынан гөрі әкеңнің бір қорқынышты сөзі қаттырақ тиеді.

Сүйкімді ит болғанша, жек көрінішті жолбарыс бол.

Қарызға жегенше, бір күн аш жүре тұр.

Тілден сүрінгеннен аяқпен сүрінген жақсырақ.

Екінші әйел болғанша, жастай өлген артық.

Адамдар - жердің гүлі.

Құдықтағы бақаға аспан да шалшықша болып көрінеді.

Аз жесең - тез тоясың, көп жесең - тез қарның ашады.

Ана тәрбиелесе - бала пысық болады, әке тәрбиелесе - бала ақылды болады.

Баяу енеке (буйвол) лас су ішеді.

Көлді тоқтатса, құдықты жапса болады, бірақ ел аузын кім жаба алады?

Ақылды құс қауырсынын аяйды, ақылды адам сөзін аяйды.

Тасбақадай дана, пілдей ақымақ.

Қайғы болмаса батырлар туылмайды.

Қателеспеген ақыл жинамайды.

Ұрлауға қорықпасаң, ұрынуға да қорықпа.

Ажарсыз адам ұзын кірпіктерді ұнатпайды.

Мылқау сөзді сүйеді, ақсақ жүруді сүйеді.

Қайтар жол қысқарақ көрінеді.

Тығылып бір табақ тамақ жегенше, елдің алдында кішкентай кесек жеген артық.

Бір рет алдасаң жеті күн өкінесің.

Бір куәгер саналмайды.

Біреу төре болса, отбасы мүшесінің бәрі қолданады.

Ақылды, бірақ епсізден пайда жоқ.

Ата-ана бала туады, аспан мінез береді.

Жаста ақыл жоқ, кәріде денсаулық жоқ.

Жолға аттанарда ақсақалдармен сөйлес, үйіңе оралып келгенде балалармен сөйлес.

Бауыр күш жинағы болып саналады.

Жаман бишіге еден қисық болып көрінеді.

Жел ексең, дауыл күт.

Ұрпақ бабадан ақылдырақ келеді.

Үлкен сүйім (махаббат) көп қиыншылық әкеледі.

Қолайлы жағдайда ақылды болу оңай.

Тіке сөйлеген құлаққа жақпайды.

Құс ұясын, адам бабасын есте сақтайды.

Сиқыршыдай ақылды болсаң да, ақшаң жоқ болса - ақымақсың.

Жолаушы қараңғыны көрер, өтірікші құпиясының ашылғанын көрер.

Қарыздарыңды төлесең байып қаласың.

Бала асыраған ғана ата-ата сезімдерін түсінеді.

Қолын кірлеткен бетін де кірлетеді.

Ақылды әйелмен күйеуі де бай болады.

Жаманның жүрегі жүн болып өсіп кетеді.

Қылтанақтың қайғысы дауыл тоқтатпас.

Мықты күшін қолданар, әлсіз айлакерлігін қолданар.

Жүз өзеннің бастауы бір.

Жүз жұлдыз бір айға тұрмайды.

Жүз жарық қоңыз (светлячок) бір алауға тұрмайды.

Әйел сәнденсе, қыз бозбаласынан айырылар.

Бақыт бай әкеден артығырақ.

Балаң оқыса, көршіден қарызға күріш сұра.

Ұстазын құрметтеген ғана ұстаз бола алады.

Жігерлі ғана желге төтеп бере алар.

Азғын итті көрген қожасын сөзсіз сөгеді.

Сұлу қыздың тағдыры ауыр.

Өз үйіңде ерінесің, бөтеннің үйінде еңбекор боласың.

Қанаты болмаса да, сөз ұша алады.

Дәстүрді құрметтеген оңай, дәстүрге сай өмір сүру қиын.

Шығыста бұлт көрсең - қаш, оңтүстікте бұлт көрсең - жұмысыңды тоқтатпа.

Ақылды болғанша, жолы болғыш бол.

Ақылды болсаң - ақылыңды пайдалан, ақылсыз болсаң - басқаларға елікте.

Ақылды әйел қамал ала алады.

Ақылды тез қартайады.

Жақсы тамақ көп естен кетпейді, жәбір сөз мәңгі естен кетпейді.

Жақсы дәрінің дәмі жаман.

Жақсы бала ата-анасын кедейлігі үшін сөкпейді, жақсы ит қожайынын тастамайды.

Жақсы жібек жиегінен танылар, жақсы адам бетінен көрінер.

Балаң ғалым болсын десең, ұстазға үйлен.

Гүлдерді жұлу керек, қыздармен қалжыңдасу керек.

Бабасы бар адам тамыры бар ағашқа, бастауы бар өзенге тең.

Жер емес, адам ерінеді.

Адам байлық жасайды, байлық адамды емес.

Адам ның уы жыланның он уына тең.

Көп аунаған көп тырнмаланады.

Шектен тыс күлкі мұң әкеледі.

Бір кесе күріш табу үшін бір кесе тер төгу керек.

Пілдің суретін салу үшін оны бірінші көру керек.

Тіл дұрыс жол табуға көмектеседі.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.