Тай елінің мақалдары.

Әдеттегідей, ең қатты ұнаған мақалдарды белгілеп қойдым :) Ал мақалдардың орысша нұсқасын мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.

Бүкір елдің арасында жүрсең, бүкірейіп жүруге тырыс.

Құс қонбайтын ағаш жабыраңқы болады.

Он рет талқылау бір рет бастан кешіруге жетпейді.

Жасырсаң, аяғына дейін жасырып өт.




Ит тістеп алса, жауапқа оны тістеме.

Ішің ауырмасын десең, тамағыңды асықпай же.

Әйел жүрегі лотос гүлінің жапырағындағы гүлдей тұрақсыз.

Аспан астында тұрсаң жаңбырдан несіне қорықасың?

Енекені сойсаң, тұздық аяма.

Білсең жұмыс оңайырақ болады, білмесең - қиынырақ.

Мысық жоқта тышқандар тойлайды.

Патша қанын, отты және жыланды жете бағаламауға болмайды.

Қылқындыра бастасаң - өлтіргенше қылқындыр. =)

Жолыңда перілерді оятпа.

Аймен күннен қаттырақ сүйсінбе.

Үйдегі әңгімені сыртқа шығарма, сырттан үйге өсек әкелме.

Жастайыңнан байлыққа талпынба.

Желді судан қаттырақ жақсы көрме.

Досыңнан ол сүйетін затын беруді сұрама.

Алға жалғыз жұлқынба.

Қарға үшін жылан өлтірме.

Көрікті бет тамашалау өбісудің жұпарына жетпейді.

Аспанға түкірсең өзіңе түседі.

Досың жамылғысын кимей тұрып оның арқасына қара.

Адамның тегі ол қай топқа жататынын айтар, ал тәрбие адамның қандай екенін айтады.

Мықтыға бәрі көмектеседі, қиналғанды бәрі қалдырады.

Сөзсіз іс - жаңбырсыз найзағай.

Саудагерді тыңдасаң он мың жыл жасайсың, тақуамен сөйлессең - күніне мың рет өлесің.

Күн жарық қоңызға ренжімейді.

Қиынды алдыңа қой, оңайды артыңа қой.

Ынталы бай болады, жалқау кедей болып қалады.

Баласын сүйсең, анасына жағасың.

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жаңа жылға жоспарлар.