Қытай елінің мақалдары.

"Пословицы Востока" атты кітаптың соңғы үзіндісі - қытай елінің мақалдары. Иә, аудармам өте тура, әдеби өнделмеген, кешіріңіздер. Бірақ мен үшін тікелей аудара отырып, ол елдің құндылықтарын, сол кездегі кішкентай, маңызды белгілеу сөздерін тура жеткізу маңызды болды. 
Шығыс елдерінің мақалдарының қазақша аудармасы сіздерге пайдалы болады немесе жәй ғана ұнайды деп үміттенем :) Ал маған ұнаған мақалдарды мен әдеттегідей қарамен белгілеп қойдым.
Мақалдардың орысшаға ресми аудармасын мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.
Балаңды еркелету оны өлтірумен тең; тек таяқ жеп өскендер инабатты болып шығады.

Кедей байдан қарызға алып жатып байға өкпелейді.

Үш жыл жақсы істер істесең - ешкім байқамайды, бір рет қателессең - бүкіл Аспан асты елі (Қытай) біледі.



Ата-ананы қадірлемеудің үш жолы бар; ұрпақ сыйламау - солардың ең қорқыныштысы.

Аузыңды ашуға асықпа, көзіңді аш.

Сақтың есігіне қайғы кірмейді.

Жарылмаған жұмыртқаның ішіне шыбын ұшып кіре алмайды.

Қарызыңды уақытында қайтарсаң, екінші рет қарызға ұялмай сұрайсың.

Күйеуге шыққан қыз сатылған жазыққа тең.

Батыр тек ауру келіп, күшін алады деп қорқады.

Батыр оның көзінше біреуді ренжіткенді кешірмейді.

Сөйлеген қорықпайды, қорыққан сөйлемейді.

Аш тышқан мысықты да жей алады.

Артында жақсысы бар есікті ашу қиын; артында жаманы бар есікті жабу қиын.

Күндіз - ойлар, түнде - түстер.

Ұзақ жанған от құрышты шынықтырады.

Мың жыл тапталған жол өзенге айналады.

Жолбарысы жоқ тауда ит те патша аталар.

Жүректе талпыныс болса, тасты да тесуге болады; құры отырып тамақ жей берсе - тау да құлайды.

Үйде ата-анаңды құрметтесең, алысқа барып хош иісті таяқтар жағудың қажеті неде?

Нәтижесі болса - себебі болды деген сөз; пайдасы болса - зияны да болды деген сөз.

Жолдан шатассаң - қайтып келуге болады, сөзден шатассаң - сөзді қайтара алмайсың.

Кісіде күмәндансаң - онымен іс бастама; іс бастасаң - кісіде күмәнданба.

Жақсы сөзді үш рет қайталаса ит те жиіркенеді.

Ақша мен шарап болса достар да табылады.

Ван мырзаны бар кезінде жақтырмайды, Ван мырза жоқ кезде оны сағынады.

Жара жабылса ауырғаны да ұмытылады.

Жасырын істелінген жамандық ең қорқынышты.

Туған ағайындылар да қарызды ұмытпайды.

Он мың кәсіптің ішіндегі ең мәртебелісі - ғалым.

Бір кемістіктен құтылсаң, оның орнына он ізге іс өсіп шығады.

Қанша жоғарыға ұмтылсаң да, аспаннан жоғары бола алмайсың.

Патша қандай болса, сарай адамдары да сондай болады.

Қобалжып отырған адамның аты да шалынады.

Шығарманың атын жақсы қоймасаң сөздер де жүрмей қояды.

Өгей шеше пайда болса әке де туған емес көрінеді.

Өзің ақылсыз болсаң, бабаңмен мақтанғанудың қажеті жоқ.

Қарақшыларды ұстағың келсе бірінші олардың басшысын ұста.

Иероглиф үйренгеннен адам үйренген маңыздырақ.

Балаңа бір қап алтын қалдырғанша, оны білімге үйрет.

Басыңды көтеріп адамдардан сұрағанша, басыңды түсіріп жерден сұра.

Ата-анаң тірі кезінде тауық пен шошқа етін беру олардың моласына бұқа союдан әлдеқайда артық.

Баласы ата-анасының өміріне қызғанғаннан гөрі, ата-анасы баласына қызғансын.

Бір үйлену тойы бұзылғанша, он ғибадатхана бұзылсын.

Басқалардан сұрағанша, өзіңнен талап ет.

Кәріңде кедей болғанша, жастай қиналған жақсы.

Есімін естігеннен түрін көру артығырақ.

Жақсы келгеннен жақсы кеткен артық.

Кісілер өз балаларының күнәларын білмейді.

Шенеуліктің анасы өлсе - барлық көше қайғырады, шенеулік өлсе - табытын тасыр адам жоқ.

Жаңылысып сатып алуға болады, бірақ жаңылысып сату мүмкін емес.

Ойы көптің күші аз.

Шынайы алтын оттан қорықпайды.

Шамасын білмеген байлықта да бақытсыз.

Күйінбесең Будда болмайсың.

Кішкентай тиын құртпасаң үлкен ақша келмейді.

Жолды сұрамай тұрып жүруге асықпа.

Жартылай оқылған кітап жартылай жүрілген жолға тең.

Кітап оқығаннан артық ләззат жоқ, балаларыңа білім үйретуден маңыздырақ зат жоқ.

Кітаптан терең зат жоқ, адам ойынан жоғары зат жоқ.

Асықпай істелінген зат - шебердің қолтаңбасы.

Әнші құстан аз ет шығады.

Әкең тірісінде оның істеріне қара, әкең өлгенде оның ерігін ұмытпа.

Таңғы асты әлі ішпесең - ерте, әлі үйленбесең - жассың.

Суды іше отырып құдықты қазғандарды ұмытпа.

Жаңа аяқ киім кисең - аяғыңды жоғары көтеріп жүр.

Өзендер мен таулар өзгерсе де, адам мінезі өзгермес.

Туысқандарың алыс тұрғаны жақсы, көршілерің ұзын қақпадан кейін тұрғаны жақсы.

Аспаннан жаңбыр жауу керек, қыз күйеуге шығу керек :)))

Атта отырған жаяу адамның қиыншылықтарын түсінбейді.

Сөздер - жүрек ашатын құрал.

Қар жауғанда суық емес, қар ерігенде суық.

Әділдік - ортақ пікірдің нәтижесі.

Жүз жол - жүз қиынлық.

Келесі ғасырлың бақыты осы ғасырда жасалады.

Іспен айналысқан қараңғылықта, сырттай бақылаған бәрін біледі.

Мың әдісін білу оңай, нәтижеге келтіру қиын.

Үлкен ағаштың көлеңкесі де жақсы.

Ақылсыздықтың түбі болар, ал даналықтың шегі жоқ.

Мықты қолбасшыда әлсіз сарбаз жоқ.

Адамның киімін емес, оның өзін құрметте.

Сөйлей алатыннан тыңдай алатын жақсырақ.

Оқы да, оқудың шегі жоқ екенін түсін.

Білім алу ағысқа қарсы жүзумен тең: бір минутқа тоқтасаң, артқа кетіп қаласың.

Оқып, ойланбау - ақылсыздықтың белгісі, ойланып, оқымау - өлімге тең.

Адам өмірі жүз жылға жетпес, ал бақытсыздық мың жылға жетеді.

Жүз ауру ауыз арқылы кіреді.

Не істесең, соны айт.

Іштегі бар зат міндетті түрде сыртқа шығады.

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жаңа жылға жоспарлар.