QUORA | Ешкімнің мойындағысы келмейтін шындық бар ма?

Ешкімнің байқағысы және мойындағысы келмейтін шындық (әсіресе Америкада) — бұл Әлем бұрыңғыдан жаманырақ емес, жақсырақ халде екендігі. Шын мәнінде, ҚАЙ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРСАҚ ТА, ҚАЗІРГІ ТҰРЫП ЖАТҚАН ӘЛЕМІМІЗ АДАМ ҮШІН ЕШҚАШАН БОЛЫП КӨРМЕГЕН ЕҢ КЕРЕМЕТ ОРЫН БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. 
Бұқаралық ақпарат құралдары сіздің әр оқыған сайт арқылы, әр көрген видеоңыздан және тыңдаған аудиоңыздан ақша табады, сондықтан олар үнемі сізді өзіне тарту үшін сізге қызықты ақпарат таратады.
Көпшілік қауымға зорлық-зомбылық және тағы басқа адамдарды қорқытатын заттарды көрсетіп отырады - себебі адам қорқатын заты туралы көбірек білгісі келіп тұрады. Бұл әдейі ойластырылған жасырын әрекет емес, - бұл жәй ғана кіріс жасау мақсатында істелінеді.

Шындығында, әлемнің қазіргі жағдайы мынандай:
* Бүгін азырақ адам аштықтан азап шегеді (тұрғындар санына байланысты);
* Тарихта болған кез-келген уақытқа қарағанда қазіргі таңда соғыс саны азырақ (бүгінгі Батыс жарты шарда бірінші рет МҮЛДЕ соғыс жоқ);
* Адамның өмір сүру ұзақтығы әлем тарихында болған кез келген уақытқа қарағанда артығырақ;
* Америкада және көптеген елдерде қылмыс саны әлдеқайда, әлдеееқайда төменірек. АҚШ-та қылмыс саны 1960-шы жылдардан бері осылай төмен болып көрмеген және де қазір 1990 жылмен салыстырғанда қылмыс саны екі есе аз;
* Медициналық жәрдемге бұрын-соңды болып көрмеген адам саны қол жеткізді;
* Таза ауыз суға бұрын-соңды болып көрмеген адам саны қол жеткізді ;
* Бүкіл әлем адамдары қазіргі уақытта әлемнің тарихындағы кез келген уақытқа қарағанда жақсырақ өмір сүріп жатыр;
* Бүгін көбірек адам демократия орнаған қоғамда өмір сүреді;
* Бала шетінеу саны қазіргі таңда тарихтағы ең төмен деңгейге жеткен.
Бұл тізімді күні бойы жалғастыруға болады.


Әлем адамдары шынымен КЕРЕМЕТ өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ, жаңалықтарды қарамаңыз. Олар сізге ереже емес, ерекшені көрсетуге ұмтылады, себебі соның арқасында БАҚ табыс табады. 


Жағымсыз жаңалықтарға өміріңізді құртуға жол бермеңіз. 

Жауап берген: Eric McDonel. Ғылым мұғалімі, бұқарашыл да, республикашыл да емес.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.