Posts

Showing posts from July, 2017

Райымжан Мәрсеков: Қазақ қайда бара жатыр?

Image
Кітап Алаш қозғалысының қайраткері. заңгер Райымжан Мәрсековтың "Қазақ" газетінде басылып шыққан мақалаларының жинағы болып табылады. Ұлт ойшылы сол кезде (1912-1916 жылдар) қазақ елінде орын алған өзекті мәселелерді шешуге жанын салған.

Калима Мурзабаева-Рахимбекова; "Семь Я".

Image
Кітапты қапталған күйінше сатып алыппын да, оның өлеңдер жинағы екенін байқамай қалыппын. Әйтпесе мен ешқашан қазақтың орысша жазған заманауи өлеңдер жинағын сатып алмас едім.

Қытай елінің мақалдары.

Image
"Пословицы Востока" атты кітаптың соңғы үзіндісі - қытай елінің мақалдары. Иә, аудармам өте тура, әдеби өнделмеген, кешіріңіздер. Бірақ мен үшін тікелей аудара отырып, ол елдің құндылықтарын, сол кездегі кішкентай, маңызды белгілеу сөздерін тура жеткізу маңызды болды.  Шығыс елдерінің мақалдарының қазақша аудармасы сіздерге пайдалы болады немесе жәй ғана ұнайды деп үміттенем :) Ал маған ұнаған мақалдарды мен әдеттегідей қарамен белгілеп қойдым.
Мақалдардың орысшаға ресми аудармасын мына сілтемегеөтіп оқи аласыздар. Балаңды еркелету оны өлтірумен тең; тек таяқ жеп өскендер инабатты болып шығады.

Кедей байдан қарызға алып жатып байға өкпелейді.

Үш жыл жақсы істер істесең - ешкім байқамайды, бір рет қателессең - бүкіл Аспан асты елі (Қытай) біледі.