Калима Мурзабаева-Рахимбекова; "Семь Я".

Кітапты қапталған күйінше сатып алыппын да, оның өлеңдер жинағы екенін байқамай қалыппын. Әйтпесе мен ешқашан қазақтың орысша жазған заманауи өлеңдер жинағын сатып алмас едім.


Қателестім, ал сіздерге бұл кітапты сатып алуға кеңес бермеймін. Кітап арзан емес, бірақ қағазы сапалы, суретке толы кітап екен. Дегенмен, суреттері де. қағаздар сапасы да кітаптың мазмұны жаман болса, түкке тұрмай қалады.
Қалима ханым туралы аннотацияда біртүрлі заттар айтылады; ода аруақтармен сөйлесу қабілеті бар екен және тағдыры аса ауыр қыз екені айтылады. Тағдыры ауыр болғаны өте өкінішті және ақын сол қиыншылықтарын өлең, шығарма арқылы шығарып отыруы дұрыс-ақ, дегенмен... Бүкіл кітап маған біртүрлі боп көрінді. Сөз шебері деп айта алмаймын, өлеңдері терең мағынаға толы деп те айта алмаймын - дарынды жасөспірімнің ойлары болып көрінді маған бүкіл кітап.
Иә, кітап маған аса ұнамады, бірақ, айта кету керек; Қалима-ақынның өлеңдері тым жаман емес. Кейде олар тым қарапайым болса да, жүрекке қонып отырды. Ал поэзияда бұл ең маңызды белгі. Сонымен қатар, мұңға, тіпті агонияға толы өлеңдерді оқып біткен соң оқырманның да көңілі босап қалады.

Қарапайымдылықтың патшасы Қалима Мурзабаева;
Мой парус голубой,
Ты все искал покой,
И не нашел его
В моей душе живой.
("Парус" өлеңі)

Ал мынауысы ұнады:
...Так вот с кем
Встречи век ждала.
Кому должна
Быть благодарна....
За свет, за мрак,
За все слова,
Что я пишу и написала.
("Встреча" өлеңі)


Мұңға толы Қалима Мурзабаева:
Часть жизни пройдена. Стучит мне в сердце прах,
Печаль великая томит и сердце гложет.
Перо мое - в крови,
И я живу в стихах.
Ах, если б только в них, не в жизни, боже!

Кітаптағы суреттер де маған өте қызық боп көрінді; не жағымсыз, не шектен тыс кету, не жасөспіріп күнделігіне ұқсас... не сиқырға толы - сипаттаманың қайсысы дұрыс, оны білмедім.

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жаңа жылға жоспарлар.