Posts

Showing posts from October, 2017

Жазда оқылған кітаптар.

Image
Блогтағы үзілістің себебі: мен кітап аз оқып кеттім және жақында үйімді, тұратын қаламды және жұмысымды ауыстырып, жазуға уақытым онша болмай кетті. Кезінде қалағанымның бәрі орындалып жатыр: енді мен жақсы компанияда журналистикамен байланысты жұмыс жасаймын және қазақша жазам. ...Бірақ бұл мен ойлағаннан әлдеқайда қиынырақ болып шықты :) Шынымды айтсам, енді мен өзімнің жазу қабілеттерім туралы сонша сенімді емеспін.  Мен енді бұрыннан белсендірек қазақша кітаптар оқып, тілімді жетілдіруім керек деген сөз. Маған әлі үйреніп, білу керек зат жетіп жатыр. Соңғы кезде өзімнің жазу стилімнен жиреніп жүрм :( Мен жұмысқа орналасар кезде қазақ тілінен тест тапсырдым және жоғарғы деңгейге арналған 100 сұрақтың ішінде 98-іне дұрыс жауап бердім. Демек, мен ана тілімнің грамматикасын жетік білем. Дегенмен, көркем жазу және еркін сөйлеу әлі кішкене қиындау...  Мен бұрыннан қазақылықтарын жоғалтқан жастардан жасқанатынмын, себебі олардың жандары менікінен бөлек, бөтен. Олар маған әлдеқайда басқа…

Тіл туралы.

Image
Қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы жағдайына күрсіну, ана тілін мойындамайтын қазақтарға ашуланудан шаршадым. Менің мақсатым: қазақша көркем әдебиет жаза алатын деңгейге жету және күнделікті өмірде кез-келген тақырыпта орыс сөздерін қолданбай, қазақша сөйлеу.  Дмитрий Петров бір видеосында адамдар күнделікті тек 30-50 сөз қолданатынын айтты. Әрине, бұл сөз байлығы кең, аса ақылды кісілерге қатысты емес тұжырым деп ойлаймын. Дегенмен, қазақ тілін білетін, бірақ ана тілін тек тұрмыста қажет ететін, білімнің бәрін ағылшын және орыс тілінде алып, сол тілдерде басқаларға ойын жеткізетін мен сияқты азаматтар күніне қанша қазақша сөз қолданады сонда?.. Егер мен сияқтылар "қазақ тілін білетін және қолданатындар" деп саналса, онда (шыны керек) тіліміздің онсыз да нашар жағдайы тіпті күйінішті.
Бұл жағдайды жөндеу үшін, алдыма келесі мақсаттар қойдым: 1. Қазақша кітаптар көбірек оқу. Өкінішке қарай, дүкендерде қазақша бар-жоғы тарихи, тіл туралы кітаптар (сөздіктер) және өткен ғасыр ақын…