Жазда оқылған кітаптар.

Блогтағы үзілістің себебі: мен кітап аз оқып кеттім және жақында үйімді, тұратын қаламды және жұмысымды ауыстырып, жазуға уақытым онша болмай кетті. Кезінде қалағанымның бәрі орындалып жатыр: енді мен жақсы компанияда журналистикамен байланысты жұмыс жасаймын және қазақша жазам. ...Бірақ бұл мен ойлағаннан әлдеқайда қиынырақ болып шықты :) Шынымды айтсам, енді мен өзімнің жазу қабілеттерім туралы сонша сенімді емеспін. 
Мен енді бұрыннан белсендірек қазақша кітаптар оқып, тілімді жетілдіруім керек деген сөз. Маған әлі үйреніп, білу керек зат жетіп жатыр. Соңғы кезде өзімнің жазу стилімнен жиреніп жүрм :( Мен жұмысқа орналасар кезде қазақ тілінен тест тапсырдым және жоғарғы деңгейге арналған 100 сұрақтың ішінде 98-іне дұрыс жауап бердім. Демек, мен ана тілімнің грамматикасын жетік білем. Дегенмен, көркем жазу және еркін сөйлеу әлі кішкене қиындау... 
Мен бұрыннан қазақылықтарын жоғалтқан жастардан жасқанатынмын, себебі олардың жандары менікінен бөлек, бөтен. Олар маған әлдеқайда басқаша болып көрінетін. Ал соңғы кезде мен қазақ тілінде ғана сөйлейтін тіл жанашырларынан кішкене ыңғайсызданатын болыппын. Себебі кейбір кісілер қателерді ақырын, байсалды түзеудің орнына, бетіңе бас салады екен. Сосын, біреуі тиіссе, басқаларының бәрі жабылып кетеді екен :) Екі жақтыкі де дұрыс емес, қысқасы.
Ұзын сөздің қысқасы - мен әдеттегідей көмекті кітаптардан алып жатырмын. Мысалы, жақында Гүлфар Мамырбекованың "Тереңдетілген деңгейге арналған қазақ тілі "оқулығын оқып бітірдім. Оқулықтағы басым затты білсем де, оның әр сабағын пысықтап, әр жаттығуын орындап отырдым. Бөлек дәптерге грамматикалық ережелерді және өзім сирек қолданатын сөз тіркестерін жазып алдым. Сонымен қатар, кітапта еліміздің тарихына, әдебиетіне, әдет-ғұрпына арналған сабақтар бар. Мен үшін олар өте маңызды болды. Ал кітапты талдап бітірген кезде мен өзімді кішкене бақыттырақ сезіндім, себебі өз арманыма бір қадам болсын жақынырақ болғандай сезіндім. Енді жазып алған тіркестердің бәрін жаттап, қолдану керек, Ал керекті ақпараттың бәрін қайта оқып, есте сақтауға тырысу керек. Дегенмен, мен жалпы кітапты бітіргеніме қуаныштымын.

Жақында инстаграм желісінде парақшамда #Қазақшабаспанықолдайық деген ұранмен қазақша шығарылған заманауи кітаптардың бәрін оқып, пікір жаза бастадым. Өздеріңіз білетіндей, бұл өте оңай, себебі қазақша кітаптар өте аз шығып жатады. Сол желіде "Мен жындымын" романына арнап жазған постымды осы жерге көшіремін: Тұрысбек Сәукетаевтың әжуадан гөрі мұңға толы жаңа романы 2017 жылы "Алтын қалам" әдеби жүлдесінің ұйымдастырушыларының демеуімен жарық көрді. Кітап экономист-жазушы, "жынды" кейіпкердің өмірін баяндайды. Ол кейіпкер шынымен жынды ма, әлде бұл өмір үшін тым сезімтал, тым ақылды адам ба - бұны әр оқырман өзі шешер.
Мен туындыны басында үлкен үмітпен оқыдым. Оқиғалар желісі күлкілі, өткір тілмен басталып, ортасынан бастап аутыр кішкене созып жібергендей болды. Дегенмен, кітап қай тұстан қарасаң да (қоғамды сипаттауы, көркем жазылуы, желінің қызықтығы) - керемет! Осындай кітаптар қазақша көбірек басылып шыға берсе екен! Қазақша баспаны қолдап, кітапты сатып алып оқығандарыңыз жөн.
Шынымды айтсам, кітап үміттерімді ақтамады. 

Тағы да жазда оқыған кітабым - Баян Мақсатқызының "Баян. Өзім жайлы ғана емес" туындысы болды. Ешқашан Баян Мақсатқызының жанкүйері болмасам да, жұлдыздың автобиографиясын асыға күттім. Кітап кішкентай және өз көлеміне қымбаттау, дегенмен, жастар кітапты таласып сатып алып жатты. Бұл, әрине, мені қуантты. Баян шығармасында өзінің кішкентай кезінен бастап басынан кешкен оқиғаларын айтып береді. Аса батыл ештеме жоқ: кішкентай Баян ерке болады, мектепте бәрі оның сұлулығына қызығады, бәрі оған ғашық болады, сосын ол ғашық болады, сосын басқа ғашық болмайм деп өзіне уәде береді, сосын тұрмысқа шығады... Жас Баян қыздарға үлгі болмаған шығар, бірақ бұл әйел бақытын іздеу туралы кітап. Атақты продюсер өзінің келешек күйеуін кездестіргеннен бастап кітап бір ғажайып күйде оқылатындай. Ойлаңыздаршы, соншы жыл өмір сүріп, талайдың жүрегін жарып, екі бала сүйгеннен кейін осылай, бір демде, қатты біреуді жақсы көріп қалу.... Кітап Тұрсен пайда болғаннан бастап жылырақ, ерекше болып кетеді. Мен бұл жұпты шын жүректен қолдап, олардың бастан кешкен оқиғаларына өте күйініп отырдым. Кітаптың ең маңызды сабағы: сүйімсіз өмір сүре алмайсың.

ПС. Менің инстаграмдағы (орысша) қалдырған пікірімді Баян Мақсатқызы көріп, өзінің парақшасына репост жасап бірнеше аптаға қойды. Демек, оған менің пікірсарабым ұнады. Сол кезде мен қалай қуанғанымды көрсеңіздер ғой...) 

Ал енді мен басқа кітаптар оқуға кеттім.

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жаңа жылға жоспарлар.