Posts

Showing posts from 2018

Жыл қорытындылары

Image
Бақытты болудың формуласы оңай: мақсатың болу керек және күнде сол мақсаттың бағытында бірдеме істеп жүру керек.

Кеше күнделігіме егжей-тегжейлі, төрт бетке жалғасқан жоспар жазып едім - бәрі өз орнына келді. Көңіл-күйім көтеріліп, алдыма жақсы мақсаттар қойдым. Жоспардың барлығы өзім, мен, Әсем туралы.

Осы жылдың басында қойған жоспарларымдыталдасақ, биыл түк бітірмеппін:

❌марафон жүгірмедім;
❌жүзуді үйренбедім;
❌ағылшынша бір-ақ кітап оқыдым;
❌қазақша үш жарым ғана кітап оқыдым (оның екеуі - өлеңдер жинағы);
❌бір де бір биография оқымадым;
❌мақала жаздым, бірақ орысша;
❌спортпен бір ай ғана айналыстым;
❌жұмысымды ұнатсам да, әріптестерімді ұната алмадым.

..бірақ екінші жағынан,

2019 жылы мен:

✔20 шақты кітап оқыдым;
✔ағылшынша өте қиын кітап оқып, оны терең түсіндім;
✔мақала жаздым! бірінші рет мақаламды жариялады!
✔спортпен айналысып көрдім, салауатты өмір салтына көз салдым :)
✔жұмысымның рахатын көрдім;
✔алты елге және алты жаңа қалаға саяхаттадым;
✔керемет үш концертке бардым: С…

Қазан мен қараша: Абай, Ах Астахова, Тбилиси, Лондон, Димаштың Лондондағы концерті

Image
Муракамидың бір кейіпкері айтпақшы, "сондай адаммын - ойларымды дәптер бетіне жазбасам, өз-өзімді түсіну қиын". Күнделік, блогқа өзімді түсіну, басқаларға түсіндіру үшін жазам. Қазақша біртүрлі жазам... оқи бергің келмейтіндей жазам. Сөздерді бір біріне қисынсыз қосам. Сөздерді білем, бірақ оларды қалай қолданатынын білмейтін сияқтымын. Жазбаларымды оқып, ұялам. Ойларым шатасқан, тым аңғал жеткізілген болса да, орысша жазған assem-kz.blogspot.com блогымдағы жазбаларым әлдеқайда қаттырақ ұнайды.  Арманым - қазақша көркем, тартымды, қызықты жазып үйрену. Кісілерді жазуларыммен қызықтырып, қазақша көбірек мәтін оқуларына себебімді тигізу.
...Әдеттегідей, күз көп арман, амбициялармен басталды. Ортасы орташа, сосын күшті, ал аяғы тіпті мұңды болды. Ал бәрі біткеннен кейін мен оның жағымды жақтарын жақтап, келесі мезгілге үзілмйтін үміттер төгіп отырм. Әр мезгілім солай басталып, солай бітеді.
Қыркүйекте бастаған мәдени шаралар қазанда да жалғасын тапты. Әуезов атындағы драма теа…

Қызықты қыркүйек.

Image
Қыркүйек оқиғаларға толы болды: жақсы және жаман. Әйтсе де, ай ұнады және барлық өзгерістерді жақсыға жоруға тырысам. Күздің бірінші айында бірнеше мәдени шараларға қатыстым. Солар туралы айтқым келеді. 1. Күз жақсы басталды: 91 тобының концертіне бардым. Екі билет алып, ақырында жалғыз барсам да, концерт толығымен көңілімнен шықты және ештемеге өкінбейм. Шынымды айтсам, бұл мен барған ең керемет концерт болды. Барлық дерлік әндерін білетін, шынайы жақсы көріп, тыңдап жүрген әншінің концертіне бару осылай болады екен ғой. Топтың мүшелері сондай харизмаға толы, сүйкімді жігіттер! Сахнаға өте жақын отырдым және тіпті топ мүшелері мені анық көрді. Ешкім сенбейді, бірақ Бала маған қарап 1-2 рет ән айтты :) Жалпы, концерттен кейін Бала өте қатты ұнап қалды. Өмірімде бірінші рет концерт белгіленген уақыттан жарты сағат өтпей жатып басталды (әдетте концерт басталуын бір жарым-екі сағат күтетінмін) және әншілер тыңдаушыларымен сөйлесуге, біздің көңілімізді көтеруге тырысты. Жігіттерді одан д…

Eminem & Machine Gun Kelly.

Image
Рэп әлемінде соңғы аптада өте қызықты заттар боп жатыр.
Бәрі неден басталды. Рэп құдайы Эминем тамыздың аяғында Камикадзэ жыржинағын шығарды. Соңғы кезде бірде сүйікті рэперім болған Эминемнің жыржинақтарын жаратпайм. Әсіресе Эд Ширанмен фит шығарғаннан кейін. Жаңа жыржинақ туралы жаңалықты аса елемей жүрсем де, туынды жаңа рэперлерге дистерге толы екенін біліп жүрдім.
Сөйтсем, кеше youtube маған бір белгісіз рэпердің Эминемге шығарған дисін ұсынды. Эпопея осылай басталды... Р.қ.-ға (рэп құдайы) дисс шығаруға батылы барған жас рэпердің лақап аты - Machine Gun Kelly. MGK байқаусызда (?) дисс шығарам деп, хит шығарып жіберді. Әннің әуені тартымды, Эмнің стилінде. Бейнебаян керемет! Клипте рэпер өрескел, өзі қолына күрек ұстап алған (Эминемді көміп тастадым деген ым және Cleaning out my closet әніне сілтеме сияқты). Сонымен қатар, клипте рэпер бір тәрелке ұстап ап, тамақ жеп жүреді. Онысымен бұл дисс бұған қаншалықты оңай боп жатқаны, қолы бос еместігі туралы айтқысы келген шығар. Жаңа р…

Заманауи қазақ әдебиетінде ұнамайтын заттар.

Image

Немат Келімбетов: Үміт үзгім келмейді.

Image

Шілде шабыты.

Image
Алматыға көшіп, жұмыстан демалып, үш рет пәтер іздеп, уайымға беріліп жүргенімде жаздың екінші айы өтті де кетті. Әйтсе де, қаңтардан бастап өмірімнің әр айы бірінен бірі жақсырақ боп бара жатыр.

Біріншіден, шілдеде Голландия астанасы Амстердамға барып келдім. Толық екі күнде қаланың он пайызын ғана көріп үлгерсек те, осы саяхатым маған аса ұнады. 

Өмірлік #көруімкерек тізімімде бар ең сүйікті Ван Гогтың музейіне бардым. Ван Гог – нидерландық ұлы суретші. Шынын айтқанда, еңбектерінің барлығын білетін, танитын жалғыз суретшім осы Ван Гог. Бұл кісі туралы «Жажда жизни» кітабын оқығам, сосын Ван Гогтың тірілген суреттері туралы КЕРЕМЕТ фильмін көргем. Голландияда ұлы суретшіге арнап үлкен, қызықты, көркем музей салыпты. Музейдің жан-жағы газон, парк. Жастар сол жерде көп демалып жүр. Ал музейдің іші ше! Бірінші қабаттан бастап суретшінің өмір баяны, отбасы туралы ақпарат, оның жазған хаттары, оны шабыттандырған басқа суретшілер жұмыстары, - бәрі әр қабатта жылдарға бөлініп орналастырылған.…

Маған ұнайды / маған ұнамайды

Image
Маған ұнайды:
Қазақша жазу. Жазған сайын сөздер оңайырақ төгіліп, ана тілімді жақсырақ түсініп келе жатқанымды сезіну.
Өзімді ерекше сезіну. Мейлі, басқалар социумда белсенді рөл атқарсын. Менен пайдалырақ феминис болсын. Қазақ тіліне тигізген пайдалары көзге қаттырақ көрінсін, мейлі. Олардың ешқайсысы тереңдікті көрмеген. Менің жолым басқа.
Кішкене ғана ғашық болу. Бас айналып, ес кеткен кездерді айтпайм. Сырттай біреуді құрметтеу, сырттай тамсану маған ұнайды. Немесе біреумен жеңіл араласу. Араласудан шынайы ләзат алу. Біліммен бөлісу. Күлдіру. Күлу.
Дауысы қатты шығып тұратын музыка. Мейлі, құлаққаптарымнан болсын, мейрамханада болсын – кез-келген жанрдың музыкасын қатты қып шығарып қойсыншы, елжіреп кетем. Музыканың ішінде өмір сүргім кеп кетеді. Әрдайым орнымнан тұрып билеп кетем деп айтпайм, музыкадан отырып тыңдып та рахат алса болады ғой J
Жаңбырлы күндер.Сүйікті күндерім. Мейлі, жолда болайын, мейлі далада жаңбыр астында қалайын, үйде кітап оқып отырайын, кездесуге боянып бара жа…

Жарты жылда оқыған кітаптарым.

Image
1. «Үлкен үміттер», Чарльз Диккенс (Большие надежды). Жалпы, оқу барысында кітапты қатты жек көрмедім. Бірақ оқып біткен соң уақытым қаншалықты мағынасыз өткенін түсіндім. Ескі еңбек қой, өте бұрыңғы ағылшындардың тұрмысы, өмір салты және мәселелері туралы айтылады. Мәселе сол баяғы бай мен кедейдің арасындағы теңсіздік. Жетім байқұс балаға кенет көп ақша басына құлап, ол байлар өміріне байқаусызда түсіп кетеді . Басында өзін сол аристократтармен бір қатар деп ойласа да, кейін кейіпкер есейеді де өзінің кім екенін түсінеді. Жазушы бекер классикке айналмаған ғой, шығарма керемет жазылған. Кейіпкерлерді бейнелеуі өте сәтті және мазмұнда жағымды тұстары көп. Дегенмен, мен тура осындай кітаптарды тым көп оқып тастадым және ағылшындардың қарапайым бірақ асыра мақтанылатын әдебиетінен шаршаған сияқтымын. Ал ең маңыздысы: мына кітаптың біздің ғасыр оқырманына беретіні жоқ. Жалпы адамдық қасиеттерді басқа, бұдан әлдеқайда жарқынырақ кітаптар да үйрете алады.
2. «Ит жүрегі», Михаил Булгаков (Со…