Posts

Showing posts from January, 2018

Жылдың соңында осы жазбаны есіме түсірсем ғой.

Көңіл-күйім тамаша емес, ештемеге зауқым жоқ, уақыт зымырап бара жатыр және мен ештемені үлгермеймін.... жоспар құру керек! :)

Биылға ең қарапайым жоспарларым:

📍 Алматыда марафон жүгіру

📍 Жақсы жүзіп үйрену

📍 Ағылшынша кем дегенде 4 кітап оқу

📍 Қазақша кем дегенде 10 кітап оқу

📍 Кем дегенде үш ұлы кісінің биографияларын оқу

📍 Мақалалар жазып, баспада шығарылу (қазақша)

📍 Үш елге саяхат жасау

📍 Спортпен үзіліссіз айналысу

📍 Жұмысымды жақсы көріп қалу.



2017 - сау!

Image
Басқалар сияқты жылдың қорытындысын жазғым келмеді. Бірақ, сағат таңғы төрт. Мен орысша постар жазып, кәзір әсем әуен тыңдап жатырмын. Бірдеме жазбасам болмайды :)
Земфира "Спасибо" деген әнінде "түнімен ұйықтамай, ән жазған сәттерім үшін алғыс айтамын" деп айтушы еді. Сол сияқты, менің ең бақытты кездерім - ол менің ұйықтамаған кездерім. Ұйықтамай, ескі кітептер бойынша ағылшын тілін оқуым. Ұйықтамай қызықты кітеп оқығаным. Түні бойы уикипедияны бірінші рет дұрыстап қолданып, Галилео туралы ақпарат оқығаным. Феминизм туралы оқып, ішімнің күюі. Солтүстік америкадағы үндістердің тарихына үңілген кездерім... Тіпті, менің түнде әндерді бірінен кейін бірін ұйықтамай тыңдап жатуым да - ғажап сезім. Майкл Джексоннан Эминемге дейін, кішкентай кезімде көрген мультфильмдердің әндерінен Бетховен шығармаларына дейін сүйікті әуенімнің бәрін тыңдап жатқан кезде, кейде, аса ерекше түндерде, ант етемін, мен бір шексіздікпен жалғасып кететіндей боламын. Бұл 2-3 секундқа созылатын…