Posts

Showing posts from February, 2018

Білмейм кім қандай, бірақ сенуге әрдайым мендік жүрек дайын.

Image
Кеше ауырып қалдым. Бүгін жұмысқа бармайтынымды біліп, ұйықтар алдында өзіме кино көруге рұқсат бердім.  Терең мағынасы жоқ, ертең-ақ ұмтылатын сүйім туралы фильм көрдім. Сол үшін түсіме келешек күйеуім кірді.
Менде барлық жетістіктер басқалардан кешірек болады. Құрбыларым менен бұрын есейді. Алғашқы махаббатым 17-18 жасымда болды... Көп қыздан кеш үйленуім сондықтан бір ғажайып зат емес :) Әдетте мен асықпай жүріп ең жақсыға жолығамын. Бірақ, өмірлік серіктесті табу сондай қызық зат. Ештемені болжау мүмкін емес!  Кезінде мен ерлік пен ақылды ең жоғары бағаладым. Кәзір болса мені түсінетін, менімен жұмсақ болатын кісіні кездестіргім келеді. Ал нәтижесінде кім кездесетіні мүлде белгісіз. 
Бүгін ғашық қылдыратын 36 сұрақ туралы бейнеролик көрдім. Ерекше, жеке сұрақтарды қою арқылы екі жас бір-біріне сөзсіз ұнап қалады екен. Жауаптары бір-біріне ұнаса, әрине.
Мен мінсіз кісіні білем. Сымбатты жігіттерді танимын. Алайда, олар мені тыңдамаса, менің ойыммен келіспесе, менің тек үндемей, кү…

Саяхаттау туралы.

Image
Кішкентайымнан саяхаттауды армандайтынмын. Ең бірінші рет анаммен Тбилисиге 2016 жылы бардық. Шынымды айтсам, сол кезде саяхаттау туралы ойым мүлде өзгеріп кетті.
1. Саяхатта ең жағымдысы - адамдар. Ал нақтырақ айтқанда - адамдардың қызмет көрсетуі. Мысалы, туристердің арқасында күн көріп отырған Дубай тұрғындары (көбіне үндістер мен пәкістандықтар) өте әдепті, қонақжайлы екен. Әрқашан күлімсіреп, көмектесуге дайын екендерін көрсетіп жүреді. Сосын бәрі ағылшынша сөйлейді. Ал Тбилисиде адамдардың ағылшын тілін меңгерген деңгейлері төмен. Орысша қызмет жасағылары келмейді. Демек, олар басқа ел қонақтарына жақсы қызмет көрсетуге талпынбайды. Бірақ, Тбилисидің көшесінде жүріп қарапайым халықпен түсінісу, тіл табысу Дубай тұрғындарымен тіл табысудан әлдқайда оңайырақ. 2. Кіммен саяхаттайтының өте маңызды. Астанаға миллион рет өзім жалғыз бардым, Бірақ оның ешқайсысы бір рет сіңілім және ініммен бірге барған кезге жетпейді. Дубайда да жалғыз жүргендіктен әсерлер онша болмады. 3. Адам саяха…