Саяхаттау туралы.

Кішкентайымнан саяхаттауды армандайтынмын. Ең бірінші рет анаммен Тбилисиге 2016 жылы бардық. Шынымды айтсам, сол кезде саяхаттау туралы ойым мүлде өзгеріп кетті.

1. Саяхатта ең жағымдысы - адамдар. Ал нақтырақ айтқанда - адамдардың қызмет көрсетуі. Мысалы, туристердің арқасында күн көріп отырған Дубай тұрғындары (көбіне үндістер мен пәкістандықтар) өте әдепті, қонақжайлы екен. Әрқашан күлімсіреп, көмектесуге дайын екендерін көрсетіп жүреді. Сосын бәрі ағылшынша сөйлейді. Ал Тбилисиде адамдардың ағылшын тілін меңгерген деңгейлері төмен. Орысша қызмет жасағылары келмейді. Демек, олар басқа ел қонақтарына жақсы қызмет көрсетуге талпынбайды. Бірақ, Тбилисидің көшесінде жүріп қарапайым халықпен түсінісу, тіл табысу Дубай тұрғындарымен тіл табысудан әлдқайда оңайырақ.
2. Кіммен саяхаттайтының өте маңызды. Астанаға миллион рет өзім жалғыз бардым, Бірақ оның ешқайсысы бір рет сіңілім және ініммен бірге барған кезге жетпейді. Дубайда да жалғыз жүргендіктен әсерлер онша болмады.
3. Адам саяхаттан кейін мүлде өзгермейді. Мен қызықтырып әңгіме айта алмайм (бұл өте өкінішті, бірақ жазушы болу маңыздырақ және жазушылар көбінесе онша әңгіме айтпайды деп өзімді жұбатам) және саяхаттарым туралы дұрыстап айта алмайм. Бұрын кісілер сапардан келген соң сол ел туралы майын тамызып айтқандарын тыңдап, "мен де басқа елге барып көрсем осылай сөйлер едім" деп ойлайтынмын. Олай емес боп щықты :) Мысалы, мен Дубай туралы көп болса екі сөйлем айттым, ал әкем Ташкент, Самарқанд жайлы түнімен, ал Санкт-Петербург туралы 2-3 күн қызықты әңгімелер айтып жүрді.
4. Басқа қалада болғанда бір ерекше сезім болады. Ол сезім тіпті Талдықорғанның қонақ үйінде жатқанда да болатын. Бір еркіндік, саған қызмет етуді қабылдау, өзіңе әдеттегіден көбірек затқа рұқсат беру....
5. Өз еліңде ақша үнемдеп жүріп басқа елде шашылу немесе басқа елде шашылып алып, өз еліңде қарыздарға батып жүру онша қызықты емес екен. Ал мен ақшаны ойламай құртатын, мүлде үнемдей алмайтын адаммын. Осындайда ойлайм, тезірек үйленіп, күйеуіммен саяхаттасам ғой деп. Себебі әдетте мен жалғыз немесе басқаларға жауапты боп жүріп саяхаттайм. Ал енді біреу де маған жауапты болғаны қалай екен... :)
6. Басқа елге оқуға немесе жұмыс істеуге ең кем дегенде 2 айға бару керек. Сонда ғана толыққанды "сол елде болдым" деп айта аласың.


Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.