Білмейм кім қандай, бірақ сенуге әрдайым мендік жүрек дайын.

Кеше ауырып қалдым. Бүгін жұмысқа бармайтынымды біліп, ұйықтар алдында өзіме кино көруге рұқсат бердім. 
Терең мағынасы жоқ, ертең-ақ ұмтылатын сүйім туралы фильм көрдім. Сол үшін түсіме келешек күйеуім кірді.

Менде барлық жетістіктер басқалардан кешірек болады. Құрбыларым менен бұрын есейді. Алғашқы махаббатым 17-18 жасымда болды... Көп қыздан кеш үйленуім сондықтан бір ғажайып зат емес :) Әдетте мен асықпай жүріп ең жақсыға жолығамын. Бірақ, өмірлік серіктесті табу сондай қызық зат. Ештемені болжау мүмкін емес! 
Кезінде мен ерлік пен ақылды ең жоғары бағаладым. Кәзір болса мені түсінетін, менімен жұмсақ болатын кісіні кездестіргім келеді. Ал нәтижесінде кім кездесетіні мүлде белгісіз. 

Бүгін ғашық қылдыратын 36 сұрақ туралы бейнеролик көрдім. Ерекше, жеке сұрақтарды қою арқылы екі жас бір-біріне сөзсіз ұнап қалады екен. Жауаптары бір-біріне ұнаса, әрине.

Мен мінсіз кісіні білем. Сымбатты жігіттерді танимын. Алайда, олар мені тыңдамаса, менің ойыммен келіспесе, менің тек үндемей, күлімсіреп қарап тұрғанымды қаласа, олардың несі керек маған?..

Есейген сайын талғамым түсіп барады ма, білмеймін, бірақ ойымша, сол 36 сұраққа жауаптарымды шынайы қызығушылықпен, түсініп тыңдайтын кісі болса - ең үлкен бақыт сол.


Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.