Posts

Showing posts from March, 2018

Әлі, әрдайым.

Image
Күнде мен...
Оятқышым ойнаған кезде бірден оянам, себебі оятқышымды әкем ең алыс бөлмеде жатса да естіп қояды. Егер мен бірден бөлмемдегі жарықты жағып, қимылдай бастамасам, әкем әдейі тұрып, мен жаққа келеді де, мені өзі оятады. Сөйтіп, әкем тағы он бес минут ұйықтай тұрсын деген оймен, мен бес жарымда атып тұрам.
Жиналуға жарты сағат кетеді. Сосын әкем көлігімен мені аялдамаға дейін жеткізеді. Аялдамаға дейін 7-8 минут жүреміз. Әкем сол минуттар ішінде сүйкімді әңгімелерін және кішкентай қалжыңдарын айтып үлгереді. 
Аялдамаға жеткен кезде мен көліктен түсіп бара жатқанда әкеме міндетті түрде "рахмет" деп айтам. Ал әкем маған міндетті түрде "байқап жүр" дейді. Сосын мен жолдан өткенше қарап тұрады да, жолдан өткеннен кейін бірақ үйге кетеді. Бұл өмірде мен әкемнен артық ешкімді жақсы көрмейтін шығармын.
...Компания қызметкерлерін тасымалдайтын көлікке отырам да, бірден кішкене болсын ұйықтап алуға тырысам. Сосын тура аялдамаға келген кезде немесе аялдамаға жақын …

Есте сақтағым келеді.

Image
Жұмыстан көтеріңкі көңіл күймен шықтым. Далада жаңбыр жауып тұр. Күн де суық. Елдер жаяу жүрмейтін, көліктер қаптаған жолмен мен жалғыз өзім келе жатырмын. Алдымнан көліктер зуылдап өтіп жатыр, кейбіреуі кішкене су шашып өте береді. Желдің қатты соғуы соншалықты, қолшатырым қолымнан ұшып кететіндей.
Үйіме неге сонша асығатынымды түсінбейм... Сіңілім және ініммен қызықты әңгіме айтып отырып шәй ішуден басқа ештеме күтіп тұрған жоқ. Керемет кітап оқу саналмайды :)  Үйге соңғы кезде кішкене сыймай жүргенім де бар. Жалғыз жақсы жаңалық: келесі апта Киев. Ал жалпы, өзіме көңілім толмай жүр. Ойлаған мақсаттарымның ешқайсысын орындамадым. Үш айда бір қазақша кітап оқымадым, тілдің дамуына үлес қоспадым. Спортпен айналысу алыстағы арман болып қала берді. Марафонға да қатыспайтын болдым.
Бірақ, онда неге мен осы суық күнде, қолшатырым тура ұшып кетейін деген кезде еріксіз күлімсіреп, өзімді жанды, бақытты сезіндім?..

12.03.2018.

Image
Земфира бір әнінде "әндерім үшін және ұйықтамаған түндерім үшін рахмет" деп айтқан жері маған қатты ұнайды.  Демалыста бір күнді ескі дәптерлеp мен күнделіктерді ретке келтірумен арнадым.  Күнделіктерімнің арасында он жеті және он сегіз жасымда жазған ағылшынша және орысша өлеңдерім, алғашқы күнделігім, жоспарлар тізімі, армандарым, тіпті дұрыс тамақтану күнделігім де бар.  Өзекті, әлі жазып жүрген күнделігімді 2013 жылы бастағам және онда не бары он - он бес жазба бар. Барлық күнделіктерімді оқыған кезде мен ұялам (әсіресе, "өлеңдерімді" оқыған кезде), көзіме жас толады немесе ақымақтығыма күлем. 
Кей дәптерлерді мен неміс, ағылшын, түрік тілдерінің ережелерін жазып, реттеуге арнағам және сол дәптерлерді көріп мен нағыз шабыт алдым. Мектеп кезінде жазда да, оқып жүргенде де түнімен ұйықтамай, бірнеше кітаптар, кішкентай сөздігімді алып ап, ағылшынды оқитынмын. 2014 (әлде 2015?..) жылы түрік тілін оқи бастадым. Университет бітіргенде неміс тілін оқи бастағам (есім…