12.03.2018.

Земфира бір әнінде "әндерім үшін және ұйықтамаған түндерім үшін рахмет" деп айтқан жері маған қатты ұнайды. 
Демалыста бір күнді ескі дәптерлеp мен күнделіктерді ретке келтірумен арнадым. 
Күнделіктерімнің арасында он жеті және он сегіз жасымда жазған ағылшынша және орысша өлеңдерім, алғашқы күнделігім, жоспарлар тізімі, армандарым, тіпті дұрыс тамақтану күнделігім де бар. 
Өзекті, әлі жазып жүрген күнделігімді 2013 жылы бастағам және онда не бары он - он бес жазба бар. Барлық күнделіктерімді оқыған кезде мен ұялам (әсіресе, "өлеңдерімді" оқыған кезде), көзіме жас толады немесе ақымақтығыма күлем. 

Кей дәптерлерді мен неміс, ағылшын, түрік тілдерінің ережелерін жазып, реттеуге арнағам және сол дәптерлерді көріп мен нағыз шабыт алдым. Мектеп кезінде жазда да, оқып жүргенде де түнімен ұйықтамай, бірнеше кітаптар, кішкентай сөздігімді алып ап, ағылшынды оқитынмын. 2014 (әлде 2015?..) жылы түрік тілін оқи бастадым. Университет бітіргенде неміс тілін оқи бастағам (есімде ол ең оңай оқылатын тіл боп сақталды). Тілдерді жаттаған кездерім жадымда ең бақытты сәттер болып табылады.

Басқа тілді оқымай тұрып, қазақ тілін дұрыстап алайын деген ой мені басқа тілмен айналысудан тоқтататын. Алайда, қазақ тілін оқытатын оқулықтар мен үшін тым оңай, ал қазақша әдеби кітаптар тым қиын.... және қызықсыз. Сол үшін мен бір орында тоқтап қалдым, Күнделігімді енді қазақша толтырып жүрм, жұмыста қазақ тіліне аударамын, осы жерде қазақша жазам,,,, әзірше, өзімді қинамай, мені ең бақытты қылатын іспен - мен білмейтін, бірақ дамыған тілді оқумен айналысайын.

Демек, мені алда аз ұйықтау, көп оқу, жаттау және бақытты болу күтіп тұр :)

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.