Есте сақтағым келеді.

Жұмыстан көтеріңкі көңіл күймен шықтым. Далада жаңбыр жауып тұр. Күн де суық. Елдер жаяу жүрмейтін, көліктер қаптаған жолмен мен жалғыз өзім келе жатырмын. Алдымнан көліктер зуылдап өтіп жатыр, кейбіреуі кішкене су шашып өте береді. Желдің қатты соғуы соншалықты, қолшатырым қолымнан ұшып кететіндей.

Үйіме неге сонша асығатынымды түсінбейм... Сіңілім және ініммен қызықты әңгіме айтып отырып шәй ішуден басқа ештеме күтіп тұрған жоқ. Керемет кітап оқу саналмайды :) 
Үйге соңғы кезде кішкене сыймай жүргенім де бар. Жалғыз жақсы жаңалық: келесі апта Киев. Ал жалпы, өзіме көңілім толмай жүр.
Ойлаған мақсаттарымның ешқайсысын орындамадым.
Үш айда бір қазақша кітап оқымадым, тілдің дамуына үлес қоспадым.
Спортпен айналысу алыстағы арман болып қала берді.
Марафонға да қатыспайтын болдым.

Бірақ, онда неге мен осы суық күнде, қолшатырым тура ұшып кетейін деген кезде еріксіз күлімсіреп, өзімді жанды, бақытты сезіндім?..


Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.