Posts

Showing posts from April, 2018

Қазақша феминизм.

Image
Назарларыңызға сүйікті спикерім және ақылды әйел Чимаманда Нгози Адичидің атақты спичінің аудармасын ұсынамын. Сүйікті сөздерімді белгілеп қойдым.
(0:50) Әңгімемді ең жақын достарымның бірі Окуломадан бастағым келеді. Окулома бізге көрші тұратын. Ол мені кішкентай қарындасындай көріп, әрдайым қорғап жүретін. Маған біреу ұнаса, мен Окуломаның ол жігіт туралы пікірін сұрайтынмын. Окулома жеті жыл бұрын желтоқсанда Нигерияда әуе апатынан қаза тапты. 
Окулома екеуіміз көптеген тақырыптарға дауласатынбыз, ой бөлісетінбіз, көңіл көтеріп, сырымызбен бөлісетінбіз. Сондай-ақ, ол мені феминист деп атаған кісілердің ең біріншісі болды. Мен ол кезде он төрт жаста едім. Окулома екеуіміз оның үйінде отырып, әңгімеміз дауға көшіп кетті. Дау барысында біз оқыған кітаптарымыздан жинаған ақпараттарға сүйенетін едік. Сол кезде қандай тақырыпта дауласқанымыз есімде жоқ, бірақ біраз уақыттан соң, дауласу ортасында Окулома маған қарады да «Сен феминист екеніңді білесің бе?!» деді. Досымның айтқан дауысынан …