Posts

Showing posts from June, 2018

"Көңілімнің санасы" - Абай Құнанбайұлы.

Image
Негізі, белгілі бір ақынның өлеңдер жинағын оқу - өмірдегі ең игі зат емес. Тіпті ол ақын ұлы Абай болса да.
Мектеп кезінде Абайдың ұлылығын түсінбейтінмін. Орыс, ағылшын әдебиеттерін оқып жүргенімде өзіміздің қарапайым қазақ өлеңдерді тым жабыраңқы көретінмін. Ақынның тілді жаңартуға, жалпы қазақ өлеңіне қосқан үлесін кәзір, әрине, бүкіл жүрегіммен түсінем. 
Кітапты оқып отырғанда мектептен таныс өлеңдерді кездестіргенде баладай қуанып отырдым. Сосын, қызығы: жаңадан оқыған өлеңдердің ешқайсысын белгілемедім, қатты ұнатпадым. Белгілеп қойған өлеңдерім сол бұрыннан білетіндерім: "Айттым сәлем, Қаламқас", "Желсіз түнде жарық-ай", "Көзімнің қарасы", тағы басқа. Ал ең сүйікті өлеңім - ол Күз туралысы. 
Маған Абай атада ең ұнайтын зат - ол кісі ең көп қазақты шабыттай алды. 
Жалпы, өлеңдер жинағын кітап оқу деп санамайтын таныстарымды түсінем. 

Айтпақшы, әзірше менің сүйікті ақыным - Мұқағали. Мейлі, қарапайым болсын. Мейлі, банал болсын. Бірақ Мұқағали ғана …

"Жеті ата қазаққа не үшін керек?..", Әлжан-Әли Сейілханұлы

Image
Қазақша кітап сатып алудың кемшіліктерін көрсетуден жалықпаймын. 
Жақында toot.kz сайтында кітаптар сатып алғанымды жазғам. Тапсырысымды жеткізу жылдамдықтары ұнады, алайда, бір нәрсе көңілімді қалдырды.
Мәселен,  toot дүкенінде қазақша кітаптардың сипаттамасы жоқ. Тіпті қанша бет екені көрсетілмеген. Атауы ұнаған соң "Жеті ата қазаққа не үшін керек?.." деген Әлжан-Әли Сейілханұлының туындысын сатып алдым. Интернетте кітап туралы ақпарат жоқ және бағасы 300 теңге болғанын көріп кітап кішкентай шығар деп ойладым. Бірақ, кітап 18 бет боп шыққанда қатты таң қалдым. Он... сегіз... Он сегіз! Бұл дәптерді қалай кітап қылып сатуға ұялмады екен?..
Окей, сол он сегіз бетте бір мағына болса, немесе сыртында жазылған сұраққа жауап берсе бір жөн. Он сегіз беттің жартысын сызып тастаса болады, себебі кішкентай тақырып біткен сайын әр бетте кәдімгідей жер қалып отырды.  Жалпы шығарма бітпей қалған мақалаға ұқсайды. Университетте "ғылыми" жұмысты тақырыптың түбін ашпай, әдемі сө…

Қазақша кітаптар.

Image
Осы жазға 📚 жоспарларым келесі:

📖 Абайдың екі томдық шығармалар жинағын оқу;

📖 Абайдың "Көңілімнің санасы" атты өлеңдер жинағын оқу, аса ұнаған өлеңдерді жаттау/еске түсіру;

📖 Қазақ тілін талдап жүргенде Сейдін Бизақовтың "Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдарын" белсенді қолданып/талдап отыру;

📖 "Жеті ата қазаққа не үшін керек?.." деген кітапты оқу (18-ақ бет боп шықты 😑);

📖 Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" атты туындысын оқу (тізімдегі жалғыз көркем әдебиет).

ПС. Кітаптардың барлығын toot.kzинтернет дүкенінен сатып алдым. Ойымша, қазақша кітаптар ассортименті ең бай онлайн-дүкен осы. Тапсырыс берген күні кітаптарымды жеткізіп берді. Алматы бойынша кітаптарды есігіңізге дейін әкеп береді, ал Қазақстан бойынша тегін, қазпошта арқылы жібереді екен 👍 Өзім енді бұл дүкеннен көп кітап алатын сияқтымын 😊

Киевке саяхат.

Image
Наурыз айында жұмыспен Киев қаласына саяхаттадым. Киевтен қандай әсер алдым?
Алматыдан Киевке ұшақпен бес жарым сағатта жеттік. Ұшып келген кездегі бірінші байқағаным: әуежай кішкентай, Алматынікіне ұқсайды (=онша емес). Тура Алматыдағыдай, әуежайдан шығарда таксистер мазалап тұрады. Сол таксистердің біреуімен келістік. Жүргізуші орысша сөйледі (акцентпен) және біздің Қазақстаннан келгенімізді бірден білді. Менің жалпы байқағаным: жаңа қаламен танысу такси жүргізушісінен басталады. Ол кісі көп сөйлеп, көңіліңді аулап отырса, қалада да сондай адамдар кездесіп отырады.
Киевті көргенде келген бірінші ой: Алматыға ұқсайды. Жаңа Тбилисиге ұқсайды. Кеңес өкіметінің ізі деген негізі өшірілмейтін, тазаланбайтын зат қой деймін. Жалпы қала сұрша.  Қонақ үйіміз өте ұнады. Кездестірген кісілердің барлығы жақсы боп көрінді. Шынымды айтсам, орыстарға өте ұқсайды екен. Окей, бұл айқын ақиқат екенін білем. Бірақ мен украиндықтарды гректерге ұқсайтын, өте әдемі деп елестетінмін. Сосын байқағаным: бәр…