Қазақша кітаптар.


Осы жазға 📚 жоспарларым келесі:

📖 Абайдың екі томдық шығармалар жинағын оқу;

📖 Абайдың "Көңілімнің санасы" атты өлеңдер жинағын оқу, аса ұнаған өлеңдерді жаттау/еске түсіру;

📖 Қазақ тілін талдап жүргенде Сейдін Бизақовтың "Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдарын" белсенді қолданып/талдап отыру;

📖 "Жеті ата қазаққа не үшін керек?.." деген кітапты оқу (18-ақ бет боп шықты 😑);

📖 Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" атты туындысын оқу (тізімдегі жалғыз көркем әдебиет).

ПС. Кітаптардың барлығын toot.kz интернет дүкенінен сатып алдым. Ойымша, қазақша кітаптар ассортименті ең бай онлайн-дүкен осы. Тапсырыс берген күні кітаптарымды жеткізіп берді. Алматы бойынша кітаптарды есігіңізге дейін әкеп береді, ал Қазақстан бойынша тегін, қазпошта арқылы жібереді екен 👍 Өзім енді бұл дүкеннен көп кітап алатын сияқтымын 😊

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.