"Жеті ата қазаққа не үшін керек?..", Әлжан-Әли Сейілханұлы

Қазақша кітап сатып алудың кемшіліктерін көрсетуден жалықпаймын. 

Жақында toot.kz сайтында кітаптар сатып алғанымды жазғам. Тапсырысымды жеткізу жылдамдықтары ұнады, алайда, бір нәрсе көңілімді қалдырды.

Мәселен,  toot дүкенінде қазақша кітаптардың сипаттамасы жоқ. Тіпті қанша бет екені көрсетілмеген. Атауы ұнаған соң "Жеті ата қазаққа не үшін керек?.." деген Әлжан-Әли Сейілханұлының туындысын сатып алдым. Интернетте кітап туралы ақпарат жоқ және бағасы 300 теңге болғанын көріп кітап кішкентай шығар деп ойладым. Бірақ, кітап 18 бет боп шыққанда қатты таң қалдым. Он... сегіз... Он сегіз! Бұл дәптерді қалай кітап қылып сатуға ұялмады екен?..

Окей, сол он сегіз бетте бір мағына болса, немесе сыртында жазылған сұраққа жауап берсе бір жөн. Он сегіз беттің жартысын сызып тастаса болады, себебі кішкентай тақырып біткен сайын әр бетте кәдімгідей жер қалып отырды. 
Жалпы шығарма бітпей қалған мақалаға ұқсайды. Университетте "ғылыми" жұмысты тақырыптың түбін ашпай, әдемі сөздермен көп бет етіп жазғанымызға ұқсас. 
Аутыр леп белгісін көп қойған. Ғылыми негіздемесі жоқ өз ой, пікірлерін жазған. Анық затты жазып, аяғында "...деген зат бәріне белгілі" деп жаза салған....
Ең кешірілмейтіні: кітаптың тақырыбы ашылмаған. 

Қысқасы, бұл шығарманы кітап деп атауға болмайды. Осы жұмысты қағаз қылып шығарғандары өте өкінішті.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Жарты жылда оқыған кітаптарым.