"Көңілімнің санасы" - Абай Құнанбайұлы.

Негізі, белгілі бір ақынның өлеңдер жинағын оқу - өмірдегі ең игі зат емес. Тіпті ол ақын ұлы Абай болса да.

Мектеп кезінде Абайдың ұлылығын түсінбейтінмін. Орыс, ағылшын әдебиеттерін оқып жүргенімде өзіміздің қарапайым қазақ өлеңдерді тым жабыраңқы көретінмін. Ақынның тілді жаңартуға, жалпы қазақ өлеңіне қосқан үлесін кәзір, әрине, бүкіл жүрегіммен түсінем. 

Кітапты оқып отырғанда мектептен таныс өлеңдерді кездестіргенде баладай қуанып отырдым. Сосын, қызығы: жаңадан оқыған өлеңдердің ешқайсысын белгілемедім, қатты ұнатпадым. Белгілеп қойған өлеңдерім сол бұрыннан білетіндерім: "Айттым сәлем, Қаламқас", "Желсіз түнде жарық-ай", "Көзімнің қарасы", тағы басқа.
Ал ең сүйікті өлеңім - ол Күз туралысы. 

Маған Абай атада ең ұнайтын зат - ол кісі ең көп қазақты шабыттай алды. 

Жалпы, өлеңдер жинағын кітап оқу деп санамайтын таныстарымды түсінем. 


Айтпақшы, әзірше менің сүйікті ақыным - Мұқағали. Мейлі, қарапайым болсын. Мейлі, банал болсын. Бірақ Мұқағали ғана дерлік барлық өлеңдерімен тура жүрекке тиеді.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.