Posts

Showing posts from July, 2018

Маған ұнайды / маған ұнамайды

Image
Маған ұнайды:
Қазақша жазу. Жазған сайын сөздер оңайырақ төгіліп, ана тілімді жақсырақ түсініп келе жатқанымды сезіну.
Өзімді ерекше сезіну. Мейлі, басқалар социумда белсенді рөл атқарсын. Менен пайдалырақ феминис болсын. Қазақ тіліне тигізген пайдалары көзге қаттырақ көрінсін, мейлі. Олардың ешқайсысы тереңдікті көрмеген. Менің жолым басқа.
Кішкене ғана ғашық болу. Бас айналып, ес кеткен кездерді айтпайм. Сырттай біреуді құрметтеу, сырттай тамсану маған ұнайды. Немесе біреумен жеңіл араласу. Араласудан шынайы ләзат алу. Біліммен бөлісу. Күлдіру. Күлу.
Дауысы қатты шығып тұратын музыка. Мейлі, құлаққаптарымнан болсын, мейрамханада болсын – кез-келген жанрдың музыкасын қатты қып шығарып қойсыншы, елжіреп кетем. Музыканың ішінде өмір сүргім кеп кетеді. Әрдайым орнымнан тұрып билеп кетем деп айтпайм, музыкадан отырып тыңдып та рахат алса болады ғой J
Жаңбырлы күндер.Сүйікті күндерім. Мейлі, жолда болайын, мейлі далада жаңбыр астында қалайын, үйде кітап оқып отырайын, кездесуге боянып бара жа…

Жарты жылда оқыған кітаптарым.

Image
1. «Үлкен үміттер», Чарльз Диккенс (Большие надежды). Жалпы, оқу барысында кітапты қатты жек көрмедім. Бірақ оқып біткен соң уақытым қаншалықты мағынасыз өткенін түсіндім. Ескі еңбек қой, өте бұрыңғы ағылшындардың тұрмысы, өмір салты және мәселелері туралы айтылады. Мәселе сол баяғы бай мен кедейдің арасындағы теңсіздік. Жетім байқұс балаға кенет көп ақша басына құлап, ол байлар өміріне байқаусызда түсіп кетеді . Басында өзін сол аристократтармен бір қатар деп ойласа да, кейін кейіпкер есейеді де өзінің кім екенін түсінеді. Жазушы бекер классикке айналмаған ғой, шығарма керемет жазылған. Кейіпкерлерді бейнелеуі өте сәтті және мазмұнда жағымды тұстары көп. Дегенмен, мен тура осындай кітаптарды тым көп оқып тастадым және ағылшындардың қарапайым бірақ асыра мақтанылатын әдебиетінен шаршаған сияқтымын. Ал ең маңыздысы: мына кітаптың біздің ғасыр оқырманына беретіні жоқ. Жалпы адамдық қасиеттерді басқа, бұдан әлдеқайда жарқынырақ кітаптар да үйрете алады.
2. «Ит жүрегі», Михаил Булгаков (Со…

Аса әсерлі кісінің жеті дағдысы, Стивен Кови

Image
Бүгін соңғы оқып біткен кітабым, Стивен Ковидің «7 навыков высокоэффективных людей» атты еңбегі туралы айтатын болам.
Кітап 1989 (!) жылы жарық көрген болғанымен, оның орысша электрондық нұсқасын табу қиынға соғады. Меломан дүкенінде кітап 3850 теңге тұрады және сөреде басқа бизнес-әдебиетіне арналған шығармалардан ерекшеленіп тұратындай. Алайда, барлық дерлік американ профессорлер оқуға кеңес беретін шығарма шынымен көңіл бөлуге тұрарлық па?
Әуелі әсерлі кісінің жеті дағдысын атап өтейін: 1. Проактивті болу. Ол деген тағдыр, ата-ана, қоғамнан сен үшін шешім қабылдауын күтіп отырмай, өзіңнің өміріңді өз қолыңа алу деген сөз. 2. Істі оның нәтижесін елестетіп отырып бастау. Басқалар істегенді, сенен күткенді ойланбай істей бермей, нәтижесі сен үшін маңызды заттармен айналысу да осы кезде іске асады. 3. Бірінші істеу керек затты ең алдымен орындау. Бүгін маңыздылығы қатты көрінбейтін, бірақ нәтижесінде сен үшін ең керекті жұмысқа күніне кем дегенде жарты сағат бөлуді ұмытпа. 4. «Жеңу/Жеңу» б…