Маған ұнайды / маған ұнамайды


Маған ұнайды:

Қазақша жазу. Жазған сайын сөздер оңайырақ төгіліп, ана тілімді жақсырақ түсініп келе жатқанымды сезіну.

Өзімді ерекше сезіну. Мейлі, басқалар социумда белсенді рөл атқарсын. Менен пайдалырақ феминис болсын. Қазақ тіліне тигізген пайдалары көзге қаттырақ көрінсін, мейлі. Олардың ешқайсысы тереңдікті көрмеген. Менің жолым басқа.

Кішкене ғана ғашық болу. Бас айналып, ес кеткен кездерді айтпайм. Сырттай біреуді құрметтеу, сырттай тамсану маған ұнайды. Немесе біреумен жеңіл араласу. Араласудан шынайы ләзат алу. Біліммен бөлісу. Күлдіру. Күлу.

Дауысы қатты шығып тұратын музыка. Мейлі, құлаққаптарымнан болсын, мейрамханада болсын – кез-келген жанрдың музыкасын қатты қып шығарып қойсыншы, елжіреп кетем. Музыканың ішінде өмір сүргім кеп кетеді. Әрдайым орнымнан тұрып билеп кетем деп айтпайм, музыкадан отырып тыңдып та рахат алса болады ғой J

Жаңбырлы күндер. Сүйікті күндерім. Мейлі, жолда болайын, мейлі далада жаңбыр астында қалайын, үйде кітап оқып отырайын, кездесуге боянып бара жатайын (бояуым ағып кетеді деп қорықпайм дегенім).

Фейсбук желісінде ақылды адамдарға тап болу. Отандасым болса тіпті жақсы. Қазақша жазса он есе жақсы. Сырттай ғашық болу game strong осы кездерде.

Оқып жүрген кітабымды күшті жерге апарып, суретке түсіру.

Орыс, қазақ тілді қауым білмейтін, түсінбейтін заттарды (тренд, ақпарат) интернетте тауып алып, соны оқу/көру/білу.

Телефонымдағы кітаптар тізімінен оқыған кітабымды сызып тастау.

Ойлары таяз таныстарым, дарынсыз достарым, ақылсыз адамдардың бар екенін ұмытып, өз әлеміме бір-екі сағатқа батып кету. Бұл кездерде көмекшілерім: жақсы кітап, мұңды музыка немесе қызықты оқиға.

Сақал, мұрты бар, немесе түріне өте немқұрайлы қарайтын, бірақ өте тартымды ерлер.

Өзімді тәттіден тежеп жүрген кезде (екі айда бір рет) тәтті кофе ішу.

Жоспарлау. Жоспарымды дәптерге жазу. Жоспарларым туралы айту. Басқалардың жоспарларымен жарысу. Жоспарларымнан шабыт алу.


Маған ұнамайды:

Қазақ тілін білмейтін және білгісі келмейтін қазақ, орыс қазақстандықтар қазақ тілі туралы және қазақ тілінің латын әріптеріне көшуі туралы сөйлегендері. Олардың «қазақ тілін оқуымыз үшін тілді тартымды қылыңдар»/ «тілді оқыр едім, бірақ жақсы курстар/мұғалімдер/кітаптар жоқ» / "латын әріпіне ақша құртқанша үйсіздерге үй беріңдер" т.с.с. сандырақ айтып отырулары жүрегімді айнытып, қанымды қайнатады.

Шын айтам, осыдан басқа адамға бәрін кешіре алам.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.