Шілде шабыты.

Алматыға көшіп, жұмыстан демалып, үш рет пәтер іздеп, уайымға беріліп жүргенімде жаздың екінші айы өтті де кетті. Әйтсе де, қаңтардан бастап өмірімнің әр айы бірінен бірі жақсырақ боп бара жатыр.

Біріншіден, шілдеде Голландия астанасы Амстердамға барып келдім. Толық екі күнде қаланың он пайызын ғана көріп үлгерсек те, осы саяхатым маған аса ұнады. 

Өмірлік #көруімкерек тізімімде бар ең сүйікті Ван Гогтың музейіне бардым. Ван Гог – нидерландық ұлы суретші. Шынын айтқанда, еңбектерінің барлығын білетін, танитын жалғыз суретшім осы Ван Гог. Бұл кісі туралы «Жажда жизни» кітабын оқығам, сосын Ван Гогтың тірілген суреттері туралы КЕРЕМЕТ фильмін көргем. Голландияда ұлы суретшіге арнап үлкен, қызықты, көркем музей салыпты. Музейдің жан-жағы газон, парк. Жастар сол жерде көп демалып жүр. Ал музейдің іші ше! Бірінші қабаттан бастап суретшінің өмір баяны, отбасы туралы ақпарат, оның жазған хаттары, оны шабыттандырған басқа суретшілер жұмыстары, - бәрі әр қабатта жылдарға бөлініп орналастырылған. Мен ол жерден әрине кітап сатып алдым.
ПС. Музейде «Жұлдызды түн» картинасы жоқ екен. Өте өкінішті – ол менің әлемдегі ең сүйікті суретім десем болады.


Амстердамда одан басқа Мадам Тюссо музейіне бардық. Мектеп оқып жүргенімде бұл музейге барып, жұлдыздардың мүсіндерімен суретке түсу орындалмайтын армандай көрінуші еді J
Бұл мүсінге 19 жасымда жақындасам жүрегім тоқтап қалар еді :)
Жалпы, Амстердам қатты ұнады. Көшелерінің тазалығы, ғимараттарының көркемділігі, адамдарының сымбаттылығы, тіпті аспанда ұшып жүрген шағалаларына дейін ұнады. Ол жерде жұмыспен әртүрлі қаладан және компаниялардан жиналған тоғыз адам жүрдік. Керемет кісілер болды және солардың арқасында саяхатым екі есе қаттырақ ұнады маған. Ал есірткінің түрлері бос сатылымда болуы маған ол қаланың қайталанбас, тартымды тұсы боп көрінеді.

Екіншіден, Атырауға бірінші рет бардым. Ойымша, елімізде Астанадан басқа қалалардың барлығы бір-біріне ұқсайды (көп қалада боп көрмесем де). Кіші жүз тұратын Батыс Қазақстан, әрине, кішкене өзгешелеу. Бір күннің ішінде Сарайшық қалашығына, кішкентай, өте аутентік мұражайға бардық. Мұражайдан кейін еіміздің тарихы туралы көбірек білгім кеп кетті. Және орыстар Шоқан Уәлиханды мақтап жатқанда, мен ол кісінің бір де бір еңбегін оқымағаныма ұялдым. Күзде қандай кітаптар сатып алатынымды білем енді. Сосын Атырау бай қала сияқты боп көрінді маған.



Шілдеде көптен бері оқығым кеп жүрген үлкен роман – «Унесенные ветром» кітабын оқып шықтым. Көлемі үлкен болғанымен, бір демде оқылатын кітап екен. Керемет роман, сөз жоқ. Екі-үш апта бойы Ретт Батлер мен Скарлет Охараны ойлаумен болдым.

Скриптониттің соңғы жыржинағын қайта-қайта тыңдадым.

91 тобы айдың аяғында ән шығарып, тағы да шабыт берді. Жас жігіттердің қазақ тіліне қосып жатқан үлестері үшін ұнатып жүрген тобым күннен күнге қаттырақ ұнап, мен олардың нағыз фанына айналып бара жатырм. 

Тамызға үміттерім үлкен. Ал қыркүйек тіпті сыйқырлы болатын сияқты. Жоспарларым көп.

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.