Eminem & Machine Gun Kelly.

Рэп әлемінде соңғы аптада өте қызықты заттар боп жатыр.

Бәрі неден басталды. Рэп құдайы Эминем тамыздың аяғында Камикадзэ жыржинағын шығарды. Соңғы кезде бірде сүйікті рэперім болған Эминемнің жыржинақтарын жаратпайм. Әсіресе Эд Ширанмен фит шығарғаннан кейін. Жаңа жыржинақ туралы жаңалықты аса елемей жүрсем де, туынды жаңа рэперлерге дистерге толы екенін біліп жүрдім.

Сөйтсем, кеше youtube маған бір белгісіз рэпердің Эминемге шығарған дисін ұсынды. Эпопея осылай басталды...
Р.қ.-ға (рэп құдайы) дисс шығаруға батылы барған жас рэпердің лақап аты - Machine Gun Kelly. MGK байқаусызда (?) дисс шығарам деп, хит шығарып жіберді. 
Әннің әуені тартымды, Эмнің стилінде. Бейнебаян керемет! Клипте рэпер өрескел, өзі қолына күрек ұстап алған (Эминемді көміп тастадым деген ым және Cleaning out my closet әніне сілтеме сияқты). Сонымен қатар, клипте рэпер бір тәрелке ұстап ап, тамақ жеп жүреді. Онысымен бұл дисс бұған қаншалықты оңай боп жатқаны, қолы бос еместігі туралы айтқысы келген шығар. Жаңа рэпердің түрі де кішкене Эмге ұқсайды екен. Біріншіден, ол да ақ, арық, шашы сары. Бірақ мына рэперде бір дөрекірек бірдемесі бар боп сезілді маған. Және "рухы" американ емес, еуропалық боп көрінді. Қателесуім мүмкін. 
Ал енді ең қызықты бөлім: лириканы талдау.

Әрине, әннің барлығын аударып отпайм. Бірақ MGK-де көп үздік, сәтті "барлар" болды. (бар - рэп сленгінде шумақты білдіреді). Мен тек ең сәттілерін емес, ал басқалар қабылдамаған, дөрекі есептеген, ал маған от боп көрінген тұстардың бәрін атап өткім келеді.

0. Дисс rap devil - рэп шайтаны деп аталады. Бұл Эмнің өзін рэп құдайы дегенге қарама-қарсы шығарғаны. 
1. Әннің ең басында рэпер My dad's gone crazy - Әкемнің есі ауысты деп айтады, сосын "Хэйли, дұрыс айтасың" дейді. Осыған көбі "MGK Эмнің қызына тиісті" дейді. Қайдағы тиісу? Эминемде ән бар My dad's gone crazy деген. Ол әнде р.қ. қызының атынан өзінің жынданып кеткені туралы баяндайды. MGK соған сілтеме жасады, Хэйлиге тиіспеді. 
2. You are sobered and bored, about to be 46 - бұл MGK-дің Эминемнің жасы туралы бірінші және соңғы емес дисі. Аудармасы: Салауаттысың, ішің пысты, жақында 46-ға толасың. Менше, өте күлкілі және дәл айтқан. Эминемнің іші пысып жүрген сияқты соңғы кезде!
3. Mad about something I said in 2012. Took you 6 years to come with a surprise album just to come with a diss - Менің сонау 2012 жылы айтқан бірдемеме әлі ренжулісің. Бақандай 6 жылдан кейін тосынсый жыржинақта маған дисс жасадың. Бұл жерде MGK рэп құдайымен неге жауласып жүргені туралы айта бастайды. Шынымен, алты жыл бұрын айтылған сөзге неге Эминем қазір дисс шығарды?..
4. ҚАЙЫРМАСЫ. Хэйтерлер MGK қайырмаға автотюн қосқаны үшін оны кінәлайды. Рэпте автотюн қосуға болмайды деген ережені бірінші рет естіп тұрм. Қайырма - от!  басқасы маңызды емес. Неге от? Біріншіден, әуені тартымды. Екіншіден, жас рэпер р.қ.-ның киіміне тиіседі де, оған Lets talk about it - бұны талқылайық деп айтады. Ашық тиісіп, төмен түсірмейді киімі үшін. Үшіншіден, жас рэпер Эминемге "бай болсаң да әлі ашулысың, соны талқылайық" дейді. Wow, не деген сөздер! Төртіншіден, екі рэпердің ортақ қасиетін айтып кетеді "екеуіміз де жалғыз әкеміз (баласын әйелсіз асырайтын), соны да талқылайық" дейді. От емес пе!
5. Екінші шумақты MGK екі рэпер арасындағы даудың себебін ашудан бастайды. Оның айтуынша, Эминем жас рэпердің жолын жауып, радиода бұғаттаған. Америкада, әсіресе рэперлерге, радио өте маңызды зат.
6. 50 cent-ті Эминемнің 50 жасқа таяп қалғанымен байланыстырып, рифмалайды. 
7. The big bad bully of the rap game can't take a fucking joke - Рэп ойнының үлкен бұзығы басқалардың қалжыңдарын түсінбейді. Бұл сөздерге дейін MGK Эминемнің оған ренжіп, кешірім сұрауын талап еткені туралы айтады. Эминем басқа рэпер, әншілер туралы ТАЛАЙ қалжыңдарды айтқанынан кейін, өзіне арналған қалжыңды соншалықты ауыр қабылдағаны шынымен таң қалдырады.
8. Don't have a heart attack now
Somebody help your man up
Knees week of old age, the real slim shady can't stand up - ааа, сондай үздік үзінді! Жүрегің тоқтап қалмасын қазір. Біреу мынаған көмектесіңдерші, жасы үшін тізесі әлсіз. Нағыз Слим Шэйди тұра алмай жатыр дейді. Бұл жерде рэпер Эминемнің ең танымал хиті The real slim shady-ге сілтеме жасайды. Сонымен қатар, Эминемнің slim shady деген ештемеден қорықпайтын, батыл альтер-эгосы бар. Ол эго қосылған кезде Эминем аса жақсы рэпер боп кетеді. Сол альтер-эгоны қоса алмайсың деп тұр.
9. You got money but I'm hungry - осы жерде MGK екі рэпердің басты айырмашылығын дәл атап өтті. Эминем бай - бұл рэпер мансабының шегіне жеткені, құрметке ие болғаны, бірақ сонымен қатар жасы, тәжірибесі үшін көп нәрседен тежелгені туралы ым. MGK аш - бұл жас рэпердің тек ақшасы аз екені туралы емес, ал оның жоғалтатын ештемесі жоқ екені, жас екені, батыл екені, ешқандай шектеулері жоқ екені туралы ым. Шынымен солай.
10. Still bitter after everyone loves you - Бәрі сені бағаласа да, мұңға толысың. Эминемге сенсек, әлі сәттілігіне сенбейтін сияқты. Оның ең ұлы рэпер боп кеткенін бәрі біледі.
11. We know you get nervous, Rabbit
I see momma's spaghetti all over your sweater
I wish you would lose yourself on the records
That you made a decade ago
They were better - тағы да отты бар! Ке-ре-мет! Аударайық:
Рэббит, қобалжып тұрғаныңды білеміз (Рэббит - 8 миля фильмінің кейіпкері... Эминем ойнаған, білетін шығарсыз)
Киіміңе анаңның спагетиі жағылған (Lose yourself әніне сілтеме. Ән фильмнің саундтрегі)
Сол әндерде өзіңді жоғалтсаң ғой (әнді атады, атымен ойнады)
Он жыл бұрын жасаған шығармаң жақсырақ болды (Эм бұрынғыдай хит шығармай кетті)
Және MGK осы шумақты тоқтамай, күшті орындайды.
12. Уou got an Oscar. They made a movie about you. You are in everybody's top ten - Жас рэпер рэп құдайының барлық жетістіктерін атап өтеді: Оскар, фильм (8 миля), барлық дерлік адам топ 10 рэперді ата десе Эминемді қосады. MGK Эминемді тек қана жамандап, жерге түсіріп, қуса, - оны ешкім елемес еді. Ең қызықтысы, жас рэпер Эмді құрметтейтін де сияқты. Бұл қызықты!
13. You are not getting any better with time, it's fine, put down the pen - жаңағы мақтаудан кейін рэпер "уақыт өте дарынсыз боп бара жатсың, қаламыңды таста (басқа жазба)" дейді. Әрине, бұл дисс қой. 
14. There's a difference between us - I got all of my shit without Dre producing me - өте мықты сөздер. Тіпті мен ойланып қалдым. Dre - Эминемнің продюсері және сол ойындағы салмағы бар, Тупактың досы болған адам, бизнесмен (beats by Dre құлаққаптарын естісеңіздер). Шынымен, Дрэ болмаса Эминем көтерілер ме еді?.. Көтерілер еді, мүмкін. Дарынды, ерекше рэпер ғой Эминем. Бірақ басқаларда ондай ықпалы көп, бай продюсер жоқ, онысын MGK жақсы айтып кетті. 
15. I know you are not used to me
Usually one of your disses should ruin me
But bitch I'm from Cleveland 
Everybody's quiet this evening
I'm reading the eulogy - йеп, тағы да күшті бар! Аудармасы бәрін түсіндіреді:
Мен саған үйреншікті емеспін (басқалар Эминемге жауап-дисс шығармайды)
Сенің дисің мені өлтіру керек болған
Бірақ мен Кливлэндтенмін (әр рэпер қаласын жақсы көреді. Бірақ Кливлэнд батырлар жері саналуы мүмкін, білмейм)
Бұл кеште бәрі тыныш, себебі мен панегирик оқып жатырм (панегирик - өлген кісіге оқылатын мақтау сөздері).
Осы жерде айтып кету керек тарихты. 2011-2012 жылдары MGK твиттерде Эминемнің қызының суретін қойып, "Эминемнің қызы әдемі боп өсіпті" (дөрекі сөздермен) деп жазған екен. Ол кезде Хэйли (Эмнің қызы) 15-16 жаста, MGK - 21-лерде. Кішкентай қызды объектілеуі дұрыс болмаған. Бірақ Эминем бұл твитті өте ауыр қабылдайды және оны өз радиосынан бұғаттайды. Оны MGK бір әнде айтуы керек. Алты жыл бұрын. Ал осы жылы Эм Fall әнінде сол баяғы әннің үзіндісіне жауап айтып, дистап кетеді. Бірақ Fall әні толығымен  MGK-ге арналмаған.


...Шынымен, қыркүйекке дейін ешкім білмеген MGK 4-5 күнде рэп шайтаны болып кетті. Эминемді тіпті көміп тастады деп айтса болады, себебі Эминем енді жауап жазса да жеңіледі (себебі осы жаңа рэпер деңгейіне түседі), жазбаса да жеңіледі (қорқып қалғандай). Ал мына жас рэпер ештемеден қорықпайды, оны өзі айтып тұр. Эминем не десе де, MGK көтерілейін деп тұр. Ең қызықтысы, жас рэпердің басқа әндері осындай күшті емес. Демек, бар демін осы әнге салған. Жүрегінен шыққан сөздері екені көрініп тұр. Көп кісі бұл дистің тым тез шыққанын айтады. Fall (Эминемнің дисі) шыққаннан кейін 2-3 күнде шыққан көрінеді. Мүмкін, бірақ менше, бұрыннан айтқысы кеп жүрген сөздер оңай төгілген сияқты. Сосын айтарым, лирика соншалықты күрделі, генийдікіндей емес. Rap god әнінің сөздерімен салыстырсақ, бөпенің сөздері боп қалады. Бірақ бұл дисс қой: бұл қарапайым, түсінікті және ашулы болу керек болды. Айта кету керек, MGK жас Эминемге ұқсайды. Кішкене crazy, тоқтай алмайтын, тартымды бұзық бала. Рэп құдайына тұрарлық дисс шыққанына, шыны керек, қуаныштымын, Кешеден бері осы әнді тыңдай берем, тыңдай берем. Сондықтан ғой сөздерін жаттап алғаным. 

Мен кеше кешкісін клипті көргенде, ода 36 млн қарау болды, ал қазір - 45 млн! Әлбетте, Machine Gun Kelly Эминемге арнаған дисі арқылы көтерілді. Ендігі әндері осындай сапалы болады деп үміттенем. 

Эм жас кезінде талай әнші, рэперлерге әндерінде "тиіскен". Шыны керек, оның құрбандары көбінесе әйел әншілер болды: Мэрайя Кери, Бритни Спирс, Джессика Симпсон, Линдсэй Лохан, Кристина Агильера, Эми Уайнхаус... тағы көп. Дегенмен, жауапқа ешкім оған айтуға тұрарлық дисс шығармады. Мэрайяның ат атамайтын ана әні есептелмейді! 
Есімде Эминемнің Мобиға тиісе беруі және оны "36 жастасың, кәрісің" дейтіні (Without me әнінде). Р.қ. 46 жасқа толғанда оны басқа жас рэпер кәрісің дегеніне ренжімейтін шығар. Қайта қуансын, рэп "ойнын" қызық қылды қайтадан. 

Иә, Эминем қателеспеді. Барлық рэперлерлі оятып, сол бұрынғы дисс жазу, underground rap кезді еске түсірді. Рэп ойнын қайтадан қызықты қылды. Мен жаңа, қызықты рэперді кездестірдім. Жаңа дауысты және флоуды ұнаттым. Рэп әлемін шексіз ұнататынымды есіме түсірдім. Рахмет)

PS. Сүйікті рэперіңе шығарылған дисті тыңдау осындай жағымды болатынын кім білген! :)

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жамбыл Жабаев & Сүйінбай Аронұлы

Қытай елінің мақалдары.