Жыл қорытындылары

Бақытты болудың формуласы оңай: мақсатың болу керек және күнде сол мақсаттың бағытында бірдеме істеп жүру керек.

Кеше күнделігіме егжей-тегжейлі, төрт бетке жалғасқан жоспар жазып едім - бәрі өз орнына келді. Көңіл-күйім көтеріліп, алдыма жақсы мақсаттар қойдым. Жоспардың барлығы өзім, мен, Әсем туралы.

Осы жылдың басында қойған жоспарларымды талдасақ, биыл түк бітірмеппін:

❌марафон жүгірмедім;
❌жүзуді үйренбедім;
❌ағылшынша бір-ақ кітап оқыдым;
❌қазақша үш жарым ғана кітап оқыдым (оның екеуі - өлеңдер жинағы);
❌бір де бір биография оқымадым;
❌мақала жаздым, бірақ орысша;
❌спортпен бір ай ғана айналыстым;
❌жұмысымды ұнатсам да, әріптестерімді ұната алмадым.

..бірақ екінші жағынан,

2019 жылы мен:

✔20 шақты кітап оқыдым;
✔ағылшынша өте қиын кітап оқып, оны терең түсіндім;
✔мақала жаздым! бірінші рет мақаламды жариялады!
✔спортпен айналысып көрдім, салауатты өмір салтына көз салдым :)
✔жұмысымның рахатын көрдім;
✔алты елге және алты жаңа қалаға саяхаттадым;
✔керемет үш концертке бардым: Скриптониттің, 91 тобының, Димаштың (не деген бір біріне ұқсас емес музыка!);
✔Ван Гогтың мұражайына бардым;
✔Гарри Поттердің 9 3/4 платформасында суретке түстім;
✔қытайша елу шақты иероглиф жаттадым;
✔болашақта мақтан ете алатын екі үлкен инвестиция жасадым.

Келесі жылға жоспарларым қандай десеңіздер:

Кеше жазған жоспарларымның бәрін бүкіл әлем құлап бара жатса да орындау.

Comments

Popular posts from this blog

Ғашықтар. Ілияс Есенберлин.

Жарты жылда оқыған кітаптарым.